ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2022 жылғы 30 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жыл бойы Кеңес жиылыстарында қабылданған шешімдердің ор...

30 қараша, 2022

«Қашанда алға қойылған міндет орындалуымен құнды, биікті бағындырған ғана келесі мақсатқа ұмтылады. Осы тұрғыдан келгенде, отырыстың күн тәртібі көрсетіп тұрғанындай, Ғылыми Кеңестің Орталықтың өміріндегі өзектілігі мен мәні өте зор. Қоғамның бірыңғай практикалық істердің шылауында кетпей, ғылыми мазмұнмен байып отыруында үлкен рөл атқарып келеді»,– деді Ербол Ердембекұлы.

Ғалым хатшы Нұрлыхан Айтова жыл басынан бері көтерілген мәселелерге жеке-жеке тоқталып, салаға қатысты сұрақтар бойынша әр Басқарма басшысының түсіндіруін сұрап отырды. Орталық қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін арттыру мен еңбек жағдайын жақсартуға байланысты қолға алынып жатқан шаралар жөнінде атқарушы директор Лиза Есбосынова әңгімелеп берді.

Жылдың аяқталуына тура бір ай уақыт қалды. Осы қысқа мерзімде алға қойылған міндеттерді мейлінше абыроймен атқару жағына баса назар аударылды.


Баға беріңіз