ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2022 жылғы 10 қарашада Мемлекеттік терминология комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы жедел-қызметтік іс-қимылдарында, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі қызметкерлер...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

11 қараша, 2022

Комиссия отырысына барлығы 1175 термин ұсынылды.

Қызу талқылау барысында бірқатар терминдер қазақы мәнге ие болып, сәтті аударылды. Мәселен, региональная символика – өңірлік нышан, обезболивающее средство – ауырубасқы, сердцевинные лучи – өзектік сәулелер, горечи – ащыдәрмек, патиссoн – самсар, карстовая вода – оқпасу, арбитраж – төрелік, дебаты – пікірсайыс, айсберг – мұзтау.

Сондай-ақ, бұдан былай распродажа – жаппай сату, аналитик – талдамашы, желтоксановцы – желтоқсаншылар, персонификатор – даралаушы, текущее довольствие – ағымдағы ризық, дефектоскоп – ақаутапқы деп аталатын болады.

Отырысқа Мемлекеттік терминология комиссиясы мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың жауапты өкілдері қатысты. Комиссия шешіміне сәйкес мақұлданған терминдер орталық және жергілікті басқарушы органдарға жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жолданып, «Терминологиялық хабаршы» электронды журналында жарияланатын болады.


Баға беріңіз