Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҰЛЫЛЫҒЫ ДА, ҰЛАҒАТЫ ДА ЖАРАСҚАН ТҰЛҒА

3.10.2022 911
2022 жылғы 1 қазан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы Қостанай облысы Жангелдин ауданында өткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.

Мемлекет басшысының құттықтауында: «Ахмет Байтұрсынұлы – тарихымызда айрықша орны бар бірегей тұлға. Алаш жұртының асыл перзенті халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше қайраткерлік танытты. Шын мәнінде, Ахаңның өмір жолы – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі. Арыстарымыздың есімін ардақтап, ұлағатты ісін жалғастыру – халқымыздың қастерлі парызы», – делінген.

Мұны дүбірлі тойға арнайы келген Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Бұдан кейін өз жүрекжарды пікірін білдірді. Торғай өңірі – Ұлтымыз үшін бұл өлкенің орны бөлек, Ахмет пен Міржақыптай талай арыстарымыз шыққан қастерлі мекен. Торғай халқы қазақы қалпын бұзбаған, кешегі тар заманның өзінде ұлттық болмысынан айнымаған. Торғай – алаш рухын тербеткен елдіктің еңселі ордасы.

«Республикалық деңгейдегі бас қосудың ауқымына көз жеткізу үшін атқарылған шараларды айтса да жеткілікті деп ойлаймын. Ұлылығы да, ұлағаты да жарасқан ұлт ұстазының музей-үйі салтанатты түрде ашылды. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының еңселі ескерткіші бой көтерді. Ұлы тұлғаның кесенесіне барып тәу етіп, топырақ салдық. Алған әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. «Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледім»,– дейді ГүлназТөкенқызы.

Тегтер: Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

175 Ақпарат

САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

139 Ақпарат

Сарғайған газет шежіресі: «Егемендік алдымен тілге берілсін»

204 Ақпарат

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ