Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЭКСПЕДИЦИЯ: АХАҢ ЖҮРГЕН ЖОЛМЕН... Төртінші күні

16.9.2022 828
Кеше күн еңкейген шақта Міржақып бейітінің басына барып тәу еттік. Кейкі батыр кесенесіне құран бағыштадық. Рухты ел, рухты топырақ, рухты сөз жанымызды толқытты. Содан да болар, киелі сапардың төртінші күні тебіреніспен басталды. Торғай ауданындағы Ахаң музейінен алған әсердің жөні бөлек. Аудан орталығында өткен зиялы қауым өкілдері, жас буын жиналған ғылыми-практикалық конференция үлкен серпінмен басталды. Оны аудан әкімі Шота Оспанұлы құттықтау сөз сөйлеп ашты. "Ахаңның ана тіліндегі үлесі" туралы баяндама жасаған Жантас Жақыпов "Ана тілімізге халықтың қосқан үлесі бір пара, Ахаңның қосқан үлесі бір пара",- деген Әбіш Кекілбаевтың сөзімен бастап, ұлт ұстазының бүгінде бүкіл Еуропа тіл ғылымы жаңалық қып ашып жатқан бірқатар тұжырымның түгелімен Ахаңда жатқанын тамсанып айтты.

Белгілі ақын, «Ахмет – ұлт ұстазы» сериялының сценарий авторларының бірі Ұларбек Нұрғалым "Ұлт ұстазы" фильмі туралы әңгімеледі. Бұрын-соңды отандық тарихи кино саласында ғалымдардың еңбегін көрсету үрдісі болмаған екен. Бұл тұңғыш рет жүзеге асыпты. Алаш баласының Ахаңа деген сағынышы мен махаббаты кинотуындының жолын ашты деген ойын ортаға салды.

Ербол Ердембекұлы Ахаң музейіне Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒП орталығы атынан естелік кітаптар сыйға тартты. Ол өз баяндамасында қазақ топырағында 300-ден астам көтеріліс болғанын тілге тиек етіп, Алаш арыстарының рухани-саяси ерекшелігіне тоқталды.

Бүгінгі жиынның жолы да, жөні де бөлек. Ұлы тұлғаның кіндік қаны тамған жерде өтіп жатқан конференцияда тек ғалымдар ғана емес, Ахаң туған ауылдың ақсақалдары да ғылыми баяндамаға бергісіз естеліктер айтты. Бұрын жергілікті атқарушы билікте ұзақ жыл қызмет атқарған Тыныштық Әбдіжамалов есімді ақсақал, Ахаң ақталған жылдарды есіне алып, осы сапарда жүрген ғалымдарды сол жылдары осы өңірге келген зиялы қауым өкілдерімен салыстыра отырып, анағұрлым айырмашылғы барын айтты. Ең бастысы ахметтану алға жылжыған. Бұл жолғы экспедицияның да берері мол болары сөзсіз деп түйіндеді. Ол кісі кезінде көптеген ізденістер арқылы Ахаң туралы тың мәліметтер тапқан.

Экспедиция түстен кейін Ахаңның ауылы Сарытүбекке аттанды. Кесенеге барып ұлт ұстазының рухына тәу етіп, ұлы тұлғаның кіндік қаны тамған жердегі ауыл тұрғындарымен кездеседі.


Тегтер: Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

218 Ақпарат

«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2023» КОНКУРСЫ ӨТТІ

235 Ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

236 Ақпарат

ЖЕТІСУДАҒЫ РЕСПУЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ