Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

26.5.2022 3078
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауы өткізіледі.

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы»

республикалық байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ


1. Байқаудың мақсаты

1.1. «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру.


2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті.

2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланады.


3. Байқауға қатысу тәртібі

3.1. Байқауға еліміздің 17 өңірінде іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері – медицина саласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, денсаулық сақтау саласы ұйымдарының қызметкерлері қатысады.

Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шек қойылмайды.

3.2. Байқау 4 кезеңнен тұрады.

І кезең. Музыка терапия. Өз өнерін көрсету.

ІІ кезең. Лингвотерапия. Мақал-мәтел сайысы.

ІІІ кезең. Логотерапия.Ұяшық таңдап, берілген тақырыпта ой толғау (3 минут).

IV кезең. Иппотерапия. Nearpod.com, Kahoot ресурстары арқылы жетістікке жетелейтін сұрақтарға жауап беру.

3.3. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ескертпе: «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңімпаздары осы Байқау аясында онлайн түрде марапатталады.


4. Қорытынды ережелер

4.1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін өзге ұлт өкілдерінен қазылар алқасы құрылады (бес адам).

4.2. Байқау 2022 жылғы 14 қазанда өтеді. Байқауға қатысу туралы өтінім 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін tilqogam@gmail.com электронды поштасына қабылданады (қосымшаға сәйкес). Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қаралмайды.

Байланыс телефондары: 8(7172)740523, 441981, 8(705)1504994, 8(775)8814042.

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы»

республикалық байқауын өткізу

жөніндегі ережеге қосымша


«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық

байқауға қатысу үшін өтінім

1. Т.А.Ә. ____________________________________________________________________

2. Ұлты _____________________________________________________________________

3. Оқу немесе жұмыс орны _____________________________________________________

4. Байланыс телефоны, эл.пошта ________________________________________________

5. Жеке куәлігінің көшірмесі ___________________________________________________

Қолы

Күні

Тегтер: Конкурс, байқау
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

218 Ақпарат

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

436 Ақпарат

ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

521 Ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ