Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ҚАТЫСАДЫ

30.8.2022 506
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, 5 қыркүйек күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан ресми іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында жазды.

ЮНЕСКО аясында 150 жылдық мерейтойы дүние жүзінде аталып өтіп жатқан ұлтына ұйтқы, халқына қалқан бола білген бірегей тұлға, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының есімін оқырманға таныстырып жатудың өзі артық.

Мемлекет басшысының тарихи қадамы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы үшін Жаңа Қазақстанның жақсы істерінің жаршысындай әсер қалдырды.

«Президентіміздің сындарлы сапары жыл басынан бергі халықаралық деңгейде, республика көлемінде атқарылып жатқан шоқтығы биік іс-шараларды жаңа мазмұнмен байытады, өзгеше бір салтанатты серпін туғызады, – деді Орталықтың Бас директоры Ербол Тілешов. – Ахаңның жаңа алфавиті мен жаңа әліппесі – тіліміздің таза сақталуына мүмкіндік туғызған, әлемдік мәдениетпен араласа түсу жолын жеңілдеткен, біздің мәдени өркендеуімізге зор пайдасын тигізген айрықша құбылыс еді. Мемлекет басшысының ұлт ұстазына арнайы құрмет көрсетпекке бел буғаны: бұл қоғам мен тіл ғалымдары тарапынан сол өлшеусіз еңбекке берілген бүкілхалықтық махаббат секілді қабылданып жатыр, өркен жаяр өнеге болып табылады».

Тіл майданына жүрген қызметкерлердің бұл сапардан күтері көп.

Алдымыздағы қыркүйек айының алғашқы аптасын асыға тосып жүр.

Тегтер: Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

101

ақпарат

ТАР ТАЛАСЫП ТОЗАР, КЕҢ КЕҢЕСІП ОЗАР

92

ақпарат

ЕЛОРДАДА «ОЙ КӨКПАР» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

159

ақпарат

БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ