Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

СЕМИНАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

25.8.2022 296
2022 жылғы 25 тамызда үш күнге созылған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары өз жұмысын аяқтады. Соңғы күнгі сабақты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Əдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Əділбекқызы Орманова жүргізіп, «Абай институты» жобасы туралы әңгімеледі. 2020 жылы іске қосылған «Абай порталы» жөнінде кеңінен айтты. Бұдан басқа «tilalemi.kz» сайты көмекке келеді.

Оның айтуынша, «Абай институты» жобасы Қазақстан Республикасының консулдықтары арқылы және бірлесіп орындауға мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды серіктестіктер арқылы бүкіл әлем бойынша қазақ тілін насихаттауға арналған жұмыстарды жүзеге асырады. Сондай-ақ шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирреденттері үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілетуге арналған, сондай-ақ Абайдың шығармашылығы мен идеялары жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

«Жалпы технологияның қатты дамып жатқан кезеңінде қазақ тілін оқытушыларға арнап осы бағыттағы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру – кезек күттірмейтін мәселе. Соңғы екі-үш жыл көлемінде бірқатар жұмыс атқардық. Тіл оқытушы мамандардың тарапынан сұраныс артып келеді. Осы үш күнге ұласқан бас қосудың өзіне әлемнің АҚШ, Германия, Испания, Польша, Түркия, Ресей, Иран Ислам Республикасы, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдерінен 100-ге жуық адам қатысты»,– деді Айгүл Әділбекқызы.

Шара барысында Сүлейман Демирел университеті MDE орталығының ғылыми координаторы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Райхан Жалғасбайқызы Абнасырова мен осы аталған оқу орнының оқытушысы Əлия Маратқызы Закария қатысушыларға құнды ақпараттарын ұсынып, қызықты дәріс берді.

Өзбекстаннан Халима есімді әріптесіміздің: «Курс ашып, жақсы істеген екен, қазіргі таңдағы тиімді де тың дүниенің есігін ашқандай болдық» – деген пікірі көпшіліктің көкейіндегі ойды танытқандай.

Семинарды Орталықтың Бас директоры Ербол Тілешов қорытындылап, қатысушыларға арнайы сертификат табыстады.

Тегтер: семинар
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

245

ақпарат

АКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ДАЙЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

211

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ РЕНЕССАНСТЫҚ ӨРКЕНИЕТ

318

ақпарат

АҚАҢ ЕСІМІ ПАРИЖДЕ АСҚАҚ ЕСТІЛУДЕ