Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

23.8.2022 299
2022 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының шетелдіктерге қазақ тілін оқытатын оқытушылар мен әдіскерлерге арнап ұйымдастырған «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары өз жұмысын бастады.

Құттықтау сөз сөйлеген Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Ердембекұлы Тілешов: «Біз қалайық, қаламайық жаһанданудың ішіндеміз. Күні кешегі «оқыту», «білім беру» дегеніміз белгілі бір ақпаратты беру және оны қайта мазмұндау деген тар түсінік аясынан шығып, алынған білімді күнделікті өмірде қолдану, адамзаттың игілігіне жарату болып өзгерді. Білім алушыларға тек жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелеу, анализ жасау, оны қолдануды үйрету әр оқытушының алдында тұрған үлкен міндет», – деп атап көрсетті.

Халықаралық ісшараның алғашқы шымылдығын Сүлейман Демирел университеті MDE орталығының ғылыми координаторы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Райхан Жалғасбайқызы Абнасырова ашып, «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялар» туралы жан-жақты әңгімеледі. Дәріс барысында жаппай ашық онлайн курстардың мүмкіндіктері кеңінен сөз болып, қызықты тәлім соңы тәжірибелік жұмыстарға ұласты.

Семинардың келесі күні Сүлейман Демирел университетінің MDE орталығының оқытушысы Əлия Маратқызы Закария «Шетелдіктерге қазақ тілін үйретуде дағды қалыптастыратын тиімді бағдарламалар» мен «Қазақ тілін шет тілі ретінде ашық білім беру платформасы арқылы оқыту» жәйлі айтады деп күтілуде.

Халықаралық шараның үшінші күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Əдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Əділбекқызы Орманова семинарға қатысушыларды «Абай институты» жобасының 2022 жылғы жұмыс барысы және болашаққа жоспарымен таныстырады.

Семинар қорытындысымен қатысушыларға арнайы сертификат табысталады.

Тегтер: Халықаралық семинар
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

101

ақпарат

ТАР ТАЛАСЫП ТОЗАР, КЕҢ КЕҢЕСІП ОЗАР

92

ақпарат

ЕЛОРДАДА «ОЙ КӨКПАР» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

160

ақпарат

БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ