Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА

10.8.2022 476
2022 жылғы 10 тамыз күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өткен ұлы Абайдың туған күніне арналған үлкен шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Алаш арысы Міржақып Дулатов 1914 жылы: «Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес. Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейін де шығатын Абайлар сондай ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың жоғалуымен, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей. Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай», – деп жазған екен.

Абай күні еліміздің түкпір-түкпірінде тойлануда.

Әлемдік тұлға Абайға құрмет ретінде Қазақстан Республикасындағы бірқатар елшіліктер өкілері мен ұлттық орталықтың мамандары келді.

Шара барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев данышпан Абайдың өміршеңдігі шығармаларындағы тұнып тұрған шырайлы метафораларымен бірге, олардың қазақтың ой-санасына арналғандығына тоқталса, белгілі ғалым Ербол Ердембекұлы Абайдың даналық сөздері хрестоматиялық тұрғыда қалып қоймай, күнделікті өмірімізге дендеп еніп, бәріміздің болмыс-бітімімізден берік орын алуы керек, сонда хакім Абайдың аманаты ақталады деп ой түйді.

Зиялы қауым мен қалың жұртшылық жиылған «Қазақтың Бас ақынының» (Ахмет Байтұрсынұлы) күні ән-күймен көмкеріліп, Абайдың жыр маржанын оқу марафонына ұласты.


Тегтер: Абай
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

101

ақпарат

ТАР ТАЛАСЫП ТОЗАР, КЕҢ КЕҢЕСІП ОЗАР

92

ақпарат

ЕЛОРДАДА «ОЙ КӨКПАР» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

160

ақпарат

БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ