ЖУРНАЛИСТЕР ДОДАСЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2022» байқауына материал қабылдау жүріп жатыр. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық техно...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

11 шілде, 2022

Мемлекеттік тілдегі контентті арттыруға, соның ішінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында аналитикалық талдаулар мен ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарын көрсеткен материалдарды жариялаған кәсіби журналистер (штаттық және штаттан тыс), теле-радио, газет, сайт ұжымдары, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары бағын сынай алады.

«Үздік мақала», «Үздік теле- және радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациясының біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің til.baq@tilqazyna.kz электрондық поштасына, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен 2022 жылғы 15 тамызға дейін (2022 жылғы 14 тамыздағы 23 сағат 59 минутты қоса есептегенде) жолдануы тиіс».

Қажетті құжаттар тізімімен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар:https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/398112?lang=kk&fbclid=IwAR1owrXzJRc-_Z0YW_TwYCWm4QDZ4PnZfbdNTMcR8mzAmQOq3OuTntWzpYM&fs=e&s=cl


Баға беріңіз