Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АКАДЕМИКТІ АСҚАРАЛЫ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

25.5.2022 309
2022 жылғы 25 мамыр күні Тіл саясаты Комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Ербол Тілешов ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ жаратылыстану ғылымы Ұлттық Академиясының вице-президенті, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Кәрімбек Құрманәлиевті қабылдап, асқаралы 60 жасына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құттықтауын табыс етті. Кәрімбек Арыстанбекұлы мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолында еңбек етумен бірге, еліміздегі білім, ғылым саласына айрықша үлес қосып келеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзіне тән батыл пікірімен елімізге танымал болды.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі зор.

Министрдің Құттықтау хатында былай делінген:

«Сіздің саналы өміріңіз ардақты мамандық ұстаздық пен ақыл-ойдың қазынасы – ғылымға арналып, қатардағы оқытушыдан академикке дейінгі белестерді бағындырдыңыз.

Еліміздің жетекші оқу орындарында ұрпаққа тәрие мен білім дарытып, көптің үлкен құрметіне бөлендіңіз. Білім және ғылым министрлігінде департамент басшысы ретінде кәсіби білікті мамандарды дайындауға зор үлес қостыңыз.

Қарымды ғалым ретінде атқарған жұмыстарыңыз ғылыми жұртшылыққа жақсы таныс. Сіздің ғылыми және әдістемелік еңбектеріңіз білім алушылар мен мамандардың қажетіне жарауда».


Тегтер: АКАДЕМИКТІ АСҚАРАЛЫ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

146

ақпарат

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ

195

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒА

246

ақпарат

АХАҢНЫҢ АРУАҒЫНА АРНАЛДЫ