Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫНМЕН БАЙЛАНЫС

20.5.2022 308
2022 жылы 20 мамыр күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы мен «Отандастар» қорының Моңғолиядағы өкілі Қабсаттар Омарұлын қабылдады. Алыстағы ағайынның ыстық сәлемін арқалай келген ағамыздың өзі айтқандай, қара шаңырақ Қазақстандағы сапар сол жақта тұрып жатқан қандастарымыздың біраз мәселесіне арналған екен. «Көші-қон мәселесі, жұмыс жәйі туралы Елордадағы тиісті құзырлы мекемелерде болдым. Бәрі жылы қабылдап, қолдарынан келгенше жәрдем жасап жатыр. Десе де, ана тіліміздің мәселесі бәрінен биік тұрады. Әрине, бір қарағанда, бірыңғай қандастар тұратын жерде ана тіліміздің күнделікті тұрмыста қолданылуы жағынан кедергі де, кемдік те жоқ секілді болып көрінуі мүмкін.

Әйтсе де, жас ұрпақ туған тіліміздің мәйегін біліп, әдеби сұлу тілде сөйлесе екен деп армандаймыз. Сол арқылы халқымыздың асыл жауһар мұраларымен сусындар еді. Осы бағытта біраз шаруа ойлап келген жәйіміз бар», – деді ол.Ербол Ердембекұлы емен-жарқын кездесу барысында бірінші кезекте биыл әлем болып тойлап жатқан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, екі ел тіл ғалымдары бірлесіп, ортақ бір шара өткізу қажеттігін айтты. Бұдан басқа еліміз көлемінде жарық көрген әдістемелік оқулықтармен кез келген уақытта көмектесуге әзір екенін мәлімдеп, «Моңғолияда қазақ тілін оқытумен айналысып жатқан мұғалімдер үшін айына бір рет жоғары білікті мамандардың онлайн семинарын өткізу қажет. Оны мойнымызға аламыз. Қазақстандық тіл ғалымдарының бай тәжірибесі үлкен олжа болары сөзсіз», – деді.

Тегтер: АЛЫС АҒАЙЫНМЕН БАЙЛАНЫС
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

147

ақпарат

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ

195

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒА

246

ақпарат

АХАҢНЫҢ АРУАҒЫНА АРНАЛДЫ