ТІЛ ҚАЙРАТКЕРІН АРДАҚТАДЫ

2022 жылғы 19 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрcынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде елімізге танымал тұлғалар мен білім беру ошағының ұжымы Қайрат Мамаділдің өмірі мен шығармашылығына және...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

19 мамыр, 2022

1990-1993 жылдары Абай атындағы ҚазПИ аспирантурада оқыды.

1996 жылы белгілі тілтанушы профессор Нұржамал Оралбайдың жетекішілігімен кандидаттық диссертация қорғады.

1990-1997жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазіргі қазақ тілі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерінде болып, қазақ филологиясы факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1997-2002 жылдар – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы. 2002 жылдың желтоқсан айынан өмірінің соңғы күндеріне дейін Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып істеді.

Бес оқу құралы, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы.

Өмірінің соңғы жылдары «Еуразия гуманитарлық институты хабаршысы» ғылыми журналы редакциялық алқасының мүшесі, «Қазақ білім академиясы баяндамалары» ғылыми журналы редакторының орынбасары қызметін атқарды.

1996 жылы филология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болып, 2004 жылы тіл білімі доценті атанды.

2020 жылы арысымызды сұм ажал арамыздан алып кетті.

Іс-шараны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы жүргізді.

А.Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінің директоры Зәуре Садықова, Алматы ауданының әкімі Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов кіріспе сөз сөйлеп, көрнекті ғалым, құрметті әріптес туралы Еуразия гуманитарлық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Ахметов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Нығметоллаұлы Негимов ой бөлісті.

Бұдан басқа педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тазагүл Мұқашқызы Әбдікәрімова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов, М.С.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің оқытушысы Күләш Шаймерден, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы, Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сарқыт Әлісжан, Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Ағабекова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Ардақ Бейсембай Қайрат Асылбекұлы туралы жүрекжарды лебіздерін ортаға салды.


Баға беріңіз