Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

17.5.2022 423
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен бүгін Алматы қаласында «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілтанымының болашақ бағдары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Келелі бас қосуда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов «Ахмет Байтұрсынұлы және әдебиеттану әдіснамасы» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасында тілтанудың және әдістеменің әдіснамалық мәселелері әдебиеттануға қарағанда біршама ашық, анық. Оның себебін түсіну оңай – Ахаң тілші ғалым, ұстаз, әдіскер, сонымен қатар тіл, әдістеме салаларына әдебиеттануға қарағанда едәуір көп еңбегін арнаған. Әдебиеттануға келсек, бұл саладағы еңбегі екеу: «Қазақтың бас ақыны» мақаласы және «Әдебиет танытқыш» еңбегі. Біз осы екі еңбекті негізге аламыз. Аристотель де, Гегель де, В.Г.Белинский де әдіснамалық арнайы еңбектер жазбаған, бірақ олар әдебиеттану әдіснамасының ең басында тұрған тұлғалар. Сол сияқты Ахмет Байтұрсынұлы да қазақ әдебиеттануы әдіснамасының алғашқы тұлғасы»,– деді ол.

Белгілі ғалым қазіргі қазақ әдебиеттануға тоқталып, стильдік-тілдік, мәтіндік талдаулардың жеткіліксіздігін атап өтті. Баяндамашының айтуынша, сөз – әдебиеттің ұйытқысы, ендеше біз әдеби шығарманы немесе әдеби үдерісті дұрыс тану үшін көркем сөздің қолданысы мен эстетикалық мәніне талдау жасауымыз керек. Бірақ, мұндай талдау жасаудың орнына, көбінесе, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын, кейіпкерлер жүйесін талдаумен тым әуестеніп кетеміз.

Әдебиет тарихын дәуірлеуде көбінесе тарихи, саяси және әлеуметтік мәселелерге көбірек назар аударылады. Ал бұл барлық жағдайда шынайы бола бермейді. Әдебиеттің көркем өнер ретінде өзінің эволюциясы бар. Осы реттен келгенде, А.Байтұрсынұлының әдеби дәуірлерді «Діндар дәуір», «Ділмар дәуір», «Сындар дәуір» деп бөлуіәдеби-эстетикалық критерийлерге негізделген.

Тегтер: А.Байтұрсынов-150, халықаралық конференция, баяндама
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

147

ақпарат

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ

195

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒА

246

ақпарат

АХАҢНЫҢ АРУАҒЫНА АРНАЛДЫ