Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

11.5.2022 768
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Білім кеңістігін цифрландыру және ұлттық корпус жасаудың қазіргі тәжірибелері» атты көшпелі ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Онлайн режимде өткен іс-шараға Ақтөбе қаласы жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Орталықтың ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Айтова білім кеңістігін цифрландырудың қажеттілігі туралы мәселеге айрықша тоқталып, «Бұл арқылы білім беру бағдарламаларының меңгеру мерзімін азайтуға қол жеткізуге болады; сондай-ақ, білім мен дағдыларды толық игеруді қамтамасыз етуге жол ашылады; ең бастысы, педагог күнделікті басы артық операциялардан босайды; әрі білім беру нәтижелерін үздіксіз диагностикалауға мүмкіндік туады»,– деп атап көрсетті.

Жалпы тілдік корпус жасаудағы негізгі мақсат – табиғи тіл ресурстарын жинақтап, тілді нормаландыру, жүйелендіру, нәтижесін көпшілікке, тұтынушыға ұтымды пайдалануға ұсыну. Келесі сөз алған Орталықтың Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы осы бағытта қолға алынған жобалармен таныстырып, оған қалай қатысуға болатынын жан-жақты түсіндірді. Әсіресе, кіші корпусқа кірген кез келген сөз талданып, жеке кодқа ие болады. Қазірдің өзінде іздеген сөзіңізді бір секундқа жетер-жетпес уақыттың ішінде көзді ашып-жұмғанша тауып бере алады. Ал сөздердің құрамы неғұрлым көбейген сайын, қазіргі қолданыста жүрген Алиса, Сирилердің қазақша «еркін сөйлейтін» күні соғұрлым жақындай түседі. Яғни қазақ сөздері нейрожүйеге енеді.

Орталықтың «Тіл әлемі» сайтына кірсеңіз, Орталықтың жобаларымен танысасыздар. Жаңалықтарға қанығып қана қоймай, тіркелу арқылы терминдердің қалыптасу үрдісіне тікелей қатыса аласыз.

Ана тілімізді дамытуда жаңа технологиялар көмегіне жүгіну – уақыт талабы. Басқосу барысында көтерілген мәселе осы жолда бірігіп атқарар біраз шаруаның көкжиегін айқындап берді.

Тегтер: көшпелі семинар, ақтөбе, кіші корпус
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

407 Ақпарат

ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

431 Ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

923 Ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАЗУЫН ФЛЕКТИВ ӘЛІПБИЛЕРДЕН ҚҰТҚАРУ ҚАЖЕТ