Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ

5.5.2022 681
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы ұйымдастырған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы және қазіргі заман» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт өркениеті» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Ахмет Байтұрсынұлы былай деп жазады: «Қазақ өнерсіз бола тұра, көпке шейін бөтен жұрттарға бағынбай келгенін түрлі жоруға болады: не бұрынғы заманда қазақ мықты халық болған деп, не көшпелі болғаннан сынаптай сырғып, ешкімнің қолында тұрмаған деп, не ауданы үлкен кең дала, ол замандағы айналасындағы көрші жұрттардың уысына сыймаған деп».

Қай халық та өзінің сан ғасырлық тарихына үңілгенде, әр кезеңде өмір сүрген тұлғалардың өз елінің өркендеуі жолында әртүрлі рөл атқарғанын байқайды. Оларға лайықты баға беру болашақ үшін қажетті іс»,– деп бастады тереңнен толғаған ойын Ербол Ердембекұлы.

Әлбетте, әрбір қысым өз жолында қарсылыққа душар болады.

Ресей империясы отаршылдығының өршуі сол кездегі қазақ оқығандарының қоғамдық-саяси көзқарасын мүлдем басқа бағытта қалыптастырды. Ол кезде «азамат» деген жалғыз ауыз сөздің өзі ел мұңын жоқтаушы, қоғамдық қызметтің қайнаған ортасында жүру, ұлт-азаттығы жолындағы күреске белсене араласу дегенді білдіретін-ді. Сондықтан, олар тарих сахнасына өздерінің алдындағы дәстүрді тек жалғастырушы ғана емес, бұрын-соңды болмаған ренессанстық сипатта көтерілді.

Ұлт көсемі Ахаңның алғашқы қасиеті де қайраткерлік. Халқына не қажет болса, соған қалам тербеді. Тарих толқынында танылған барлық қасиетінің бар өзегі қайраткерлігінен өрбиді.

Тегтер: А.Байтұрсынұлы-150, онлайн конференция, Абай музейі
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

520 Ақпарат

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

372 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

310 Ақпарат

Ұлы күннің оралуы. Наурыз қазақпен қалай қауышты?