Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ТІЛ

4.5.2022 764
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов 4 мамыр күні Түркістан облыстық теледидарының тікелей эфирдегі «ZOOM» деп аталатын кешкілік телебағдарламасына қатысты. Сұқбат тақырыбының атауы – «Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қазақ тілінің қадірі». Осының өзінен-ақ оқырман әңгіме өзегі қай бағытта болғанын аңғарады.

Мемлекеттік тілдің тағдыры көпшілікті толғандырып жүрген келелі мәселенің бірегейі. Ұлттың атасы – тарих, анасы – тіл, осы екі «ата-ананың» тәрбиесіне уызынан жарымаған, өзінің туған тілінде сөйлей алмайтын ұрпақтан халқының нағыз патриоты шыға қоюы екіталай.

Осындай ойларын ортаға салған кеш қонағы, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы сары уайымға салынып, қол қусырып отырудан гөрі, іс қылу пайдалы екенін өз тәжірбиесінен нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеді.

«Қазіргі нарық заманында тілге жауырынын тосатын үш алып кит бар. Олар – билік, бизнес, БАҚ. Осы үш салаға дендеп енбеген тіл балабақшаға, мектепке, қоғамның басқа да институттарына еркін араласуы неғайбыл. Басқосуымыздың атына назар аударсақ, «мәртебе» мен «қадір» деген екі сөз қолданылыпты. Қарап тұрсақ, күнделікті өмірімізде алдыңғысы бар, ал ендеше тиісінше қадірі неге артпайды. Себебі, саяси мәртебеден басқа, қолданылу аясы деген болады. Заңдық тұрғыдан талап ету жағы баяу», – деді Ербол Ердембекұлы.

Бағдарлама барысында Орталықтың «Тіл әлемі» сайты жиі аталды.

Онда кез келген шаңырақтың төрінде тұруға лайық Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағы тұр. Бұдан басқа тіл үйренушілерге арналған инновациялық электронды құралдардың сілтемесін кездестіре аласыз.

Терминдерді бекіту игі ісіне кез келген тіл жанашыры қатыса алады.

Алаштың ардақтысы Ғұмар Қараштың сөзімен айтқанда, «Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз».

Тегтер: ТТікелей эфир, Бас директор, Түркістан облысы
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

507 Ақпарат

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

367 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

303 Ақпарат

Ұлы күннің оралуы. Наурыз қазақпен қалай қауышты?