Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

28.4.2022 687
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өткен жиында мемлекеттік тілді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мәселелері маңызды. Тіл дамыту мәселесінің Білім және ғылым министрлігіне көшірілгелі бір жылдай уақыт болды. Осы уақыт ішінде қандай ауқымды проблемалар барына көзіміз жетті. Сондай-ақ үлкен жұмыс жүріп жатқанын да көріп отырмыз. Бірақ біреуі «бәрі ақ, таза» десе, кейбіреулері «бәрі жаман» деген пікірде. Шын мәнінде, проблемалар бар. Алайда істеліп жатқан жұмыс та аз емес, - деді министр Асхат Аймағамбетов.

БҒМ басшысының ойынша, Тіл комитетінің министрлікке ауыстырылуы заңды. Мемлекеттік тілді насихаттау, дамыту, оны ғылым тіліне айналдыру мектептерден, ғылыми ұйымдардан, ЖОО-дан басталатынын айтты. Бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз, - дейді ол.

Аймағамбетов қазақ тілінде білім беретін мекемелердің желісін және білім алушылардың үлесін арттыру мәселесіне тоқталды.

Сондай-ақ шарада мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген белгілі лингвист ғалымдар, тіл үйрету жобаларының авторлары мен әдіскерлері «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатталғандар қатарында тіл маманы Владислав Тен де бар.

Төсбелгіні алғашқылардың бірі болып алғаныма қуаныштымын. Мен өз жұмысымды істеп жүрмін. Осы жұмысым мемлекетке, Білім министрлігіне ұнаған болар. Сол себепті мені де осы жиынға шақырды, - деді Тен.

Ол қазақ тілінің болашағы зор болатынына сенім білдірді.

- Қазақ тілін дамытуға өз үлесімді қосып жүрмін. Тіл орталығымызда бірнеше тіл үйретеміз. Оның ішінде қазақ тілі де бар. Қазақ тіліне сұраныс өте жоғары. Сол себепті дәл қазір қазақ тілін оқытумен айналысып жүрміз, - деді тіл маманы.

Владислав Тен бүкіл Қазақстан бойынша орыс тілді оқушылар орталықтан қазақ тілін онлайн форматта оқиды.

Қазақ тілін үйренушілер көп келеді. Басында басым бағытымыз ағылшын тілі болған. Енді қазір қазақ тіліне сұраныс артып жатыр, - деп түсіндірді Владислав Тен.

Тегтер: Тұңғыш рет, Ана тілін дамытуға үлес қосқан" медалі
Авторы: "Тіл әлемі"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

520 Ақпарат

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

372 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

310 Ақпарат

Ұлы күннің оралуы. Наурыз қазақпен қалай қауышты?