Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

26.4.2022 352
2022 жылғы 26 сәуірде Тіл саясаты Комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі №367 қаулысына ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы №54-р қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының жаңадан қосылған мүшелерімен ұйымдастыру семинарын өткізді.

Орталықтың Терминология басқармасының басшысы, ф.ғ.к. Бақытгүл Ысқақ жаңадан тағайындалған комиссия мүшелерін құттықтап, жауапты істеріне сәттілік тіледі.

Жаңа құрамның ерекшелігі – Комиссияға терминолог мамандарының, сала мамандарының барынша мол тартылуы.

Атап айтқанда, жаңа құрамда:

Алдаш Айманкүл – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы;

Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, академик, заң ғылымдарының докторы;

Құрманбайұлы Шерубай – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы және т.б. бар.

Оқырманға түсінікті болу үшін қысқаша анықтама бере кетейік.

Орталықтың «Termincom.kz» сайтында бекітілуге тиісті терминдер тізімі жарияланады. Терминдер тізбесі алдын ала лингвистикалық сараптамадан өтеді. Егер соның ішінде жекелеген терминдер көп дауыс жинап жатса, әрі қарай талқылауға жіберілмейді, бірден шешім шығару үшін жолданады. Терминнің берілген баламасы қолдау таппай, аз дауыс жинаса ол терминдер отырыста талқыланады.

Комиссия мүшелерін «Терминком.кз» сайты ішіндегі электронды алаңда дауыс беру, дауыс парағын толтыру және басқа да Терминком мүшелерінің жұмыс тәртібі баяндалған нұсқаулықпен Терминологиялық басқарманың ғылыми қызметкері Оразкүл Жәдігерқызы таныстырды.

Тегтер: Терминком отырысы, жаңа мүшелер, нұсқаулық таныстырылды
Авторы: "Тіл әлемі"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

213

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

155

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

168

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА