ҚАЙНАҒАН ЖҰМЫС КҮНІНЕН БІР ҮЗІК

Кей-кейде жанымызда жүрген мамандардың қайнаған қызу тірлігіне назар аудара бермейміз. Міндетті жұмысына санап, салғырттық танытатын да шығармыз. Бірақ ұлт мүддесі жолындағы қайраткерлік қызмет қаш...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

23 сәуір, 2022

Батыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен референттерге және мекемелердегі мемлекеттік тілдің дұрыс қолдасына жауапты мамандарға, аудармашыларға және іс қағаздарын жүргізушілерге арналған 36 сағаттық «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және аударма мәселесі» курсы өткізілді.

Курста Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология басқармасының басшысы, ф.ғ.к. Ысқақ Бақытгүл Дәуітбекқызы «Терминтаным» сабағынандәріс оқыды.

Дәріскер курс тыңдаушыларына қазақ терминологиясы жайында, атап айтқанда, қазақ терминологиясының тарихи кезеңдері, терминдердің лексикалық құрамы, терминдерді біріздендіру мәселесі жайлы мол мағлұмат берді. Сонымен бірге курс қатысушыларына«Termincom.kz» сайты, «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электронды алаңы таныстырылып, термин іздеу, бекітілген терминдермен жұмыс істеу тетігі түсіндірілді. Тыңдаушылармен кері байланыс орнатылып, сайттағы іс қағаздары терминдерін табу, оның бекітілген нұсқасын анықтау бойынша жаттығу жұмыстары жүргізілді, яғни теориялық мәліметтер практикалық тұрғыда бекітіліп отырды.

Курсқа Орал, Ақтөбе колледждерінің хатшы-референтттері, іс қағаздары пәнінен дәріс берушілер, аудармашы мамандары қатысып, сертификатқа ие болды.

Сол күні Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Қазақ тілін дамыту және латын графикасына аудару орталығы ұйымдастырған«Латын әліпбиі және тілдік реформа» онлайн семинарына Орталықтың ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрлыхан Нұруллақызы Айтова мен Орталықтың ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Алмажан Қадырханқызы қатысты.

Ғалым-хатшы «Тілдік реформа не үшін және қалай жасалады?» деген тақырыпта баяндама жасаса, жас ғалым «Емле ерелеріндегі жаңалықтар (Жетілдірілген қазақ әліпбиі бойынша) жан-жақты ой қозғады.

«Әліпби қашан бекітіледі, әрі қарайғы насихаты қалай болмақшы?» деген мазмұндағы сауалдар көпшіліктің көкейінде жүргені жасырын емес.

«Қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, ғылыми зерделеу оны өндірісте айналысқа түсіру біршама пайдалы да болды. Әрине, әттеген-айы да бар. Соңғы жылдары тіл қолданысына ықпал ететін корпус жасаумен, ІТ жобаларды іске асырументікелей айналыса жүріп, тәжірибелік тұрғыдан көптеген дүниені пайымдадық. Сондықтан тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тіл мәртебесінің, қолданыс аясының кеңеюі, тілдік ортаның сапалық өсуі бағытындағы жұмыстарды шын мәнінде қалай ұйымдастырып жүрміз, оны әрі қарай қалай дұрыс ұйымдастыруға болады дегенге өз пікірімізді білдіруді парыз санаймыз»,– деп ой түйді Нұрлыхан Нұруллақызы.

Ғалымның айтуынша, табиғи тілдің дамуының қазіргі жағдайын, тіл иелмендерінің өмір сүріп отырған уақытындағы жай-күйін толық зерттеп, оның шынайы деректермен негізделген қорытындысын ұсынбастан асығыс ережелеу – алдымен тіл табиғатына қайшы әрі мамандар мен оларды жақтаушылардың пікіралуандығына, өзара бәтуасы жоқ жан-жаққа тартысына әкеледі.

Түстен кейін республикалық физика-математика мектебінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, жас мамандарға арналған «Озат ұстаз – озық тәжірибе» іс-тәжірибе тарату семинары өтті.

Семинарға жас және ұзақ жылғы тәжірибесі бар мамандар қатысты.

Рахат Омашқызының 30 жылдық тәжірибесін көрсету үшін алдын ала дайындалған оқушылармен емес, орташа деңгейдегі сыныппен шеберлік класс өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әзімбаева Рахат Омашқызының есімі тіл жанашырларына жақсы таныс. Ол 2019 жылы «Үздік педагог» атағын жеңіп алған.

ІІ дәрежелі Барыс орденінің иегері.

Майталман педагог сабақ барысында тәжірибеде сыналған түрлі тәсілдерді көп назарына ұсынды. Әсіресе, қатысушы мұғалімдерге түсінік беріп, егжей-тегжейлі түсіндіріп тұрғаны өте ұтымды шықты.

Мұндай тартымды бас қосуға Орталықтың Бас директорының орынбасары Лиза Есбосынова мен Әдістемелік басқарма басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы Искакова арнайы шақырумен қатысты.

Семинар барысында қазақ тілі жас мамандар қоғамының жетекшісі,қазақ-түрік лицейінің әдіскері тәрізді білікті мамандармен пікір алмасып, алдағы уақытта қандай әдістемелік көмек керектігі туралы ой бөлісті.

Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту шығармашылық ізденіспен бірге тәжірибе арқылы да келетіні белгілі. Осы орайда мұндай шаралардың берері мол.

Сабақтан соң, Рахат Омашқызы мұғалімдерді 5 топқа бөліп тренинг өткізді. Балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы үшін де өте қызықты болды. Жанар Мақсұтқызының қатысып, жоғары ұпай жинағанын айта кеткен ләзім.

Өздеріңіз көргендей, мұның бәрі бір күн ішіндегі үзік оқиғалар.

Алда тағы бір жұмыс аптасы күтіп тұр. Тіл майданында толас жоқ...


Баға беріңіз