Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ҮЗДІК ПОДКАСТ» БАЙҚАУЫНЫҢ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

21.4.2022 243
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауын ұйымдастырады.

Шараның мақсаты – мемлекеттік тілде үздік подкаст әзірлеген тіл үйренушілерді анықтау және олардың жетістіктерін насихаттау арқылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту,азаматтарды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталандыру, қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен санын арттыру.

Байқауға Қазақстан Республикасының өңірлік және жекеменшік тіл орталықтарының, орта мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері, қазақ тіліне қызығушылық танытатын азаматтар қатыса алады.

Байқау қатысушылары 5 номинация бойынша марапатталады:

1. Үздік бейнемотиватор;

2. Шешендік шеберлік;

3. Үздік креативті бейнеролик;

4. Үздік шығармашыл бейнеролик;

5. Көрермендердің ерекше ықыласы.

Өтінімді көрсетілген мекенжайға тікелей алып келуге немесе пошта арқылы жолдауға болады.

Нұр-Сұлтан қаласы Сауран көшесі 7а, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Пошта: tilalemi.kz@gmail.com

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2022 жылдың 29 сәуірі сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

Байқау ережесі мен өтінім үлгісі сілтемеде.

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған өтінімдер қазылар алқасының талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және қазылар қарауына ұсыну Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының құзіретінде.

Сұрақтар бойынша 87172-40-83-63 нөміріне хабарласыңыз.

Тегтер: "Үздік подкаст" мерзісі ұзартылды
Авторы: "Тіл әлемі"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

213

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

155

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

168

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА