Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АТСАЛЫСАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

18.4.2022 1113
Баршаға аян, ұлт көсемі, қазақ ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізілді.

Ұлы реформатор ұлттық әліпбиімізді әзірлеп, оқулықтар жазды, тіл ғылымына түрен салды. Тілдің ұлтты сақтаудағы орасан зор маңызын жұртымыздың санасына сіңіре отырып, қазақ тілін ғылымға бейімдеді. Осы тарихи ұшан-теңіз еңбегінің арқасында ол қазақ тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы атанды.

Оның: «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек», – деген сөздері әлі күнге өткір тұр.

Осы айтулы мерекеге орай, Тіл саясаты Комитетінің бастамасымен Ахаңның бұл күнде ел ішіне нақылға айналған ұлағатты сөздерін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында дауыстап оқу челленджі жүріп жатыр.

Белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы бастаған елімізге танымал тұлғалар үн қосып, небір ой маржаны ауыздан ауызға тарап жатыр.

Бұл бұқаралық шараға Сіз де өз үніңізді қоса аласыз!

Ол үшін Ахмет Байтұрсынұлының көңіліңіз қалаған сөзін оқып, бейнематериалды өзіңіздің парақшаңызға жариялайсыз; содан кейін біз ұсынған логотипті келесі бетке енгізу қажет; жарияланған материалда міндетті түрде #АхметБайтұрсынұлы150жыл хэштегі болуы керек.


Тегтер: Дауыстап оқу челленджі, Байтұрсынов-150, жарнама
Авторы: "Тіл әлемі"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

510 Ақпарат

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

367 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

308 Ақпарат

Ұлы күннің оралуы. Наурыз қазақпен қалай қауышты?