Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«2ГИС» ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ

7.4.2022 1388
«2ГИС» бағдарламасын көпшілікке таныстырып жатудың қажеті жоқ. Алғашқыда жолаушы тасымалдайтын жеңіл көліктерге жайғасқаннан-ақ, бағдарлы бағытыңды әр қадам сайын саңқылдап айтып отырған дауысқа қарап, адамдар таң-тамаша қалушы еді. Кейін келе-келе оған үйренді. Жеке көлігіне орнатып, күнделікті өмірде пайдаланушылар санында есеп жоқ.

Ал соның қай тілде сөйлеп жатқанына мән береміз бе?

Тіл саясаты комитетінің бастамасы бойынша ағымдағы жылдың 7 сәуірі күні «2ГИС» бағдарламасын қазақ тілінде сөйлету мақсатында навигаторды ана тілімізге аудару үшін келіссөз жұмыстары мәреге жетті. Оған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бес бірдей маманы қатысады.

  • «2gis компаниясына» олар туралы ақпараттар жіберілді. Енді аударма жұмыстарына кірісеміз. Ең бірінші кезекте, қазақ тіліндегі сөздердің қолданысқа оңай, ұғымға жеңіл болуын қарастырамыз, - дейді Орталықтың Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы.

Енді жақын күндері астыңыздағы көлігіңіз ана тілімізде бағыт-бағдар беріп, діттеген жеріңізге жаңылмай жетуіңізге қолғабыс бермекші.

Іске сәт, әріптестер!

Тегтер: 2-ГИС қазақша сөйлейді
Авторы: "Тіл әлемі"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

124 Ақпарат

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

415 Ақпарат

ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

515 Ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ