Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Көркемсөз оқу шеберлерінің кезекті байқауы

12.08.2016 6447
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІI республикалық байқауын өткізу жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

1. Оралхан Бөкей атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің

ХVІІI республикалық байқауы (бұдан әрі – Байқау) Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған.

2. Байқауды өткізудің мақсаттары:

1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;

4) талапты және талантты жастарды табу.

3. Байқау мемлекеттік тілде өтеді.

4. Байқау екі кезеңде өткізіледі.

1) Бірінші кезең – облыстарда және Астана, Алматы қалаларында

2016 жылғы 10 тамызына дейін өтеді.

2) Екінші кезең – республикалық байқау, 2016 жылғы қыркүйек-қазан айларында өтеді.

5. Байқауға 18-35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Бұрынғы республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын иегерлері) осы байқауға қатыстырылмайды.

2. Байқауды өткізудің тәртібі

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Байқауды өткізу туралы хабарландыру өңірлік, республикалық БАҚ-та жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында орналастырылады.

8. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (Тілдерді дамыту басқармалары) бірінші кезеңнің жеңімпаздары туралы мәліметті екінші кезеңге қатысу үшін Комитетке 2016 жылғы

10 тамызға дейін ұсынады.

9. Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

1) прозалық шығармадан үзінді оқу;

2) поэзиялық шығарма оқу.

10. Байқауда қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген шығармаларын оқуға болады.

11. Байқау шарттары:

1) мәтінді оқу уақыты 3 минуттан аспауы керек;

2) дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

3) үміткерлер мәтіндерді жатқа білулері шарт.

3. Байқау қатысушыларын бағалау

12. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика салаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.

13. Қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі критерийлерді басшылыққа алады:

1) көркем мәтінді оқу шеберлігіне;

2) дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;

3) көркем мәтінді таңдау талғамына;

4) сахналық бейне және оқу мәнері;

5) сахналық киім сәніне.

14. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша айқындалады.

15. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 74-05-03, 74-14-97, 40-83-67.

Тегтер: Оралхан Бөкей, байқау, республикалық, көркемсөз оқу
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

541 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ