Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Юнус Эмре жырлары қазақ тіліне аударылды

11.3.2022 974
​Юнус Эмре Анадолы жұртында Ясауи мектебін жалғастырушы ақын болып есептеледі. Өлеңдерінде адамзатты сүюге, ақиқатқа, сабырға, яғни адамзаттық құндылықтарға үндейді. Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы мен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан филиалы бірлесіп «Юнус Эмренің таңдамалы өлеңдері» атты кітапты қазақ тіліне аударды. Кітап профессор Эрдоған Боз дайындаған мәтінді негізге ала отырып аударылды.

Ақынның ХІІІ-ХІV ғасырларда жазған «Насихаттар кітабы» және «Диуан» жинағының 72 өлеңін Эрдоған Боз қазіргі түрік тіліне ыңғайлап мәтін түрінде дайындап шықты. Ол мәтінді Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина жолма-жол қазақ тіліне аударды. Ал 19 қазақ ақыны осы мәтінді өлеңге айналдырды. ­Диуан жинағы – Юнус ақындығының шыңы деп саналады. Жарық көрген кітапта қазақша аударма мен ХІІІ-ХІV ғасырлардағы түрікше түпнұсқасы бірге ұсынылған. ­Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан филиалы төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы Юнус кітабының аудармасына байланысты былай дейді: «Юнус Эмре жылына байланысты Түркияның Юнус Эмре институты мен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы бірлесіп, Юнустың 72 өлеңін қазақ тіліне аударып, кітап етіп басып шығарды. Бұл жобаға Қазақстанның ең талантты 19 жас ақын аудармашысын қатыстырдық. Себебі жаңа ақындар, жас ақындар қазіргі Еуропаның да, Батыстың да, Шығыстың да өлең өрнегін білетін ізденімпаз, бүгінгі әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен келген ақындар. Юнус Эмре жырларының аудармасына ерекше өрнек береді деп ойладық. Қазақ ақындарының ішінде Юнус жырларын ертеден аударып жүрген айтулы шайырларымызды Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, өткенде ғана Юнустың жырларын жеке кітап қылып шығарған Светқали Нұржанды атап өтуге болады. Бұл кісілердің аудармаларының орны бөлек. Дегенмен жастардың жаңаша көзқарасын Юнус жырларында танығымыз келді. Юнус Эмренің 72 өлеңін ХІІІ ғасырдағы түрік тілінен қазіргі заманғы түрік тіліне профессор Ердоған Боз аударған. Ақындарға жұмыс процесінде өлеңнің өзінің түп мағынасынан, қазығынан ауытқымайтындай етіп аудару туралы ұсыныс жасадық. 19 ақынымыз өлеңдерді тамаша етіп аударып берді. Бұл – Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалы мен Юнус Эмре институтының бірлескен жобасы. Жалпы Түркі дүниесіндегі түрік шайырлардың жырлары әрбір елге ортақ. Сондықтан олар бір-бірлеріне үлкен әсерін тигізеді, әрі халықтың шығармашылығына, бүгінгі жастардың әдебиетке деген жаңаша көзқарасына әсер етеді».

Айта кетейік, 1000 данамен жарық көрген Юнус Эмре таңдамалы өлеңдер жинағы Қазақстанның облыс орталығындағы барлық кітапханалар мен университеттерге, ақындар мен жазушыларға тарту етіледі. Кітаптың тұсаукесері 11 наурыз күні сағат 15.00-те Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханада өтеді. Шараға ақын, жазушылар, зиялы қауым өкілдері, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, дипломатиялық миссия өкілдері қатысады.


Тегтер:
Авторы: Н.Бейсембаева, "anatili.kz"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

527 Ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАЗУЫН ФЛЕКТИВ ӘЛІПБИЛЕРДЕН ҚҰТҚАРУ ҚАЖЕТ

615 Ақпарат

АЛҒАШҚЫ ТҮСІРІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ

678 Ақпарат

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ ТАБЫЛДЫ