Мемлекеттік қызметкерлер тілдік біліктілігін арттырды

Бүгін ​Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Көпшілік алдында сөз сөйлеу немесе медиабелсенділік" тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге арналға...

02 наурыз, 2022

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру,мемлекеттік қызметшінің сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін жетілдіружәне медиабелсенділігін дамытуға ықпал етуді мақсатында ұйымдастырылған шараға тіл мамандары, мемлекеттік қызметкерлер мен оқытушылар қатысты.

Жас мемлекеттік қызметшілерге әлемдік жаһандану заманында медиабелсенділіктің маңызы, топ алдында сөз сөйлеу, аудиториямен байланыс/кері байланыс орнату, сөйлеу мәдениеті, әлеуметтік парақшаның визуалы, контент жоспар құру, ой-пікір/пост жазу, өзекті сауалға жедел жауап беру, ақпаратқа үн қосу, SMM-маркетинг, стратегияларды дамыту бойынша жан-жақты, тың ақпараттар беріліп, дағдыға айналдыру жолдары көрсетілді.

Шара барысында қатысушылар түрлі тақырыптарда ақпарат, пост жазып, оң әрі теріс пікір білдірудің және оған жауап берудің қыр-сырын үйренді. Түрлі тапсырмаларды белсенділікпен орындап, маман көмегімен тиімді тәсілдерге өздері баға берді.

Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.


Г.Н.Төлегенова,

«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері


Баға беріңіз