Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілін шет тілі ретінде қалай оқыту керек?!

3.3.2022 337
​Қазақ тілі көршілес Қытай Халық Республикасы мен Түркиядан басқа, Германияда, Польшада, Швецияда, Венгрияда, Оңтүстік Кореяда, сонымен қатар АҚШ-та, Орта Азия немесе Түркітану бөлімдерінде оқытылады. Оның басты мақсаты — студенттерді қазақ тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарымен таныстыру және оларға жан-жақты білім беру. Осылайша, жан-жақты білім алып, қазақ тілін үйреніп жүрген студенттерге болашақта халықаралық деңгейде мансабы жоғарылауға орасан мүмкіндікке жол ашылады.

Кез келген жаңа тілді үйрену әркімнің қабілетіне, мінезіне, қасиетіне байланысты. Бірі тілді тез үйренеді, енді бірі өте ұзақ еңбек пен уақыт арқылы игеріп шығады.

Тілді үйренуге мынадай факторлар әсер етеді:

1) Тілдік орта;

2) Тілді үйренудегі мақсат;

3) Адамның тұлғалық таланттары мен қасиеттері;

4) Лайықты оқу методикасы;

5) Нәтиже көрсеткен ұстаз немесе үйретуші.

Осы орайда «тілдік орта болмаған жағдайда тілді қалай үйретуге болады?» деген заңды сұрақ туындайды. Ең алдымен, тілді сөйлеуші мен тыңдаушының өзара түсінісуге арналған қарым-қатынас құралы ретінде қарастырғанымыз жөн. Тіл тірі құбылыс, тірі жүйе. Оны қолданысқа енгізіп, қозғалысқа келтірмесе, тот басқан механизмдей істен шығып қалады. Яғни практикалық жолмен үнемі қолданып отыру қажет.

Екіншіден, үйренушілердің ынтасы мен уәждемесі орасан рөл атқарып, тіл үйрету үрдісін жеңілдете әрі жеделдете түсетіні бәрімізге белгілі. Тілді үйренудегі мақсат үлкен күшке ие. Мақсатың неғұрлым сені ынталандырып, жігер, күш, қайрат беретін болса, соғұрлым нәтижеге жету мүмкіндігі артады. Үшіншіден, үйренушінің үйрену дағдысы жоғары деңгейде болса, үйренуге деген талпынысы, таланты болса нәтижеге тез жетеді.

Төртіншіден, оқыту үрдісінің қанша­­лықты жүйелі және мазмұнды ұйымдас­тырылғандығын назарда ұстау қажет. Себебі жүйелі оқыту, уникалды әдістеме сізді дұрыс жолға салып, барар жеріңізге жеткізеді.

Бесіншіден, тіл үйренуші мен үйретушінің үйлесіп жұмыс жасауы, жетістігі бар немесе сен қалаған нәтижесі бар ұстазыңның жетістігін, жүрген жолын қайталау. Осы орайда, «ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген мәтел ойға келеді. Яғни үйретуші ұстазды дұрыс таңдау да өте маңызды.

Қосымша фактор ретінде оқытушы шығармашылық өнерімен үйренушіні қазақ тіліне баурап, үйренушінің лингвомәдени құзыретін қалыптастыруға, яғни лингво­мәдени білімін толықтыруға өз үлесін қосуы абзал. Себебі тілде сол халықтың діні, ділі, мәдениеті, дәстүрі, танымы, тарихы кодталып, сақталған. Сол байлықты тіл арқылы үйретуге, сол тілге деген қызығушылық пен құрметті арттыруға үлкен мүмкіндік болады.

Қазақ тілін орыстілді аудиторияға үйретуде коммуникативті әдісті қолдана отырып, қатысымдық тапсырмаларды пайдаланамыз. Осы тапсырмалар кешенін жағдаяттық тапсырмалар, жұптық және топтық жұмыстар, рөлдік ойындар, пікірталас пен шығармашылық жұмыстар құрайды. Аутентикалық жағдаяттық тапсырмалар үйренушілердің талаптарына, тілдік білім деңгейіне байланысты мақсатты түрде құрастырылып, мәнмәтінге сай берілуі қажет. Ал жұптық және топтық жұмыс жасау барысы үйренушіге қазақ тілінде өз ойын жеткізіп, біреудің айтқанын түсіне алатын дәрежеге жету мүмкіндігін арттырады да, тіл үйрену үрдісінің қызықты өтеуіне себепкер бола алады.

Сабақта берілетін коммуни­кативті тапсырмаларды орындау барысында үйренуші тілдің құрылысымен танысып, жағдаятқа ­байланысты оның қолданысы мен ішкі мағынасын түсінуге талпынады. Осылайша, ол тілдің өзіндік ерекшеліктерін ажырата бастайды. Әр сабақ ­сайын тәжірибемен пысықтап отыру, үйренушіні сөйлеуге дағдыландыру аз уақытта өз нәтижесін береді. Оқытушының міндеті – үйренушілерді берілген тақырыпқа байланысты көбірек ақпарат алуға сұрақ қоюға, басқалардың айтқан ойы дұрыс екендігін құптауға, сондай-ақ талқылап жатқан жағдаятқа баға беруге талпындырып, тілдік әрекеттің мағынасын түсінуге қол ұшын беру. Сонымен қатар вербалды және нонвербалды амалдар арқылы үйренушіге қолдау көрсету. Тілдің коммуникативті функциясын грамматикалық форма мен сөздер жиынтығы арқылы емес, керісінше, іс-қимыл арқылы оңай үйретуге болады. Берілген жағдаяттар, берілетін тапсырмалар мен сабақта қолданылатын материалдар мәнді және шынайы өмірге жанасатын болса, тілді үйренуге тиімдірек болады.

Жеке тәжірибемде грамматика мен практиканы қатар алып, практикаға көп көңіл бөлу өз нәтижесін бермей қоймайтынын байқадым. Жоғарыда айтқандай, тілдік бірліктерді қозғалысқа келтіргенде ол тіріліп, сөйлеу тіліне айналады. Практикалық тапсырма көп болған сайын, мидағы нейрондарда тіл өз ізін қалдырды. Ол әртүрлі жағдайларда тез еске түсіруге көмектеседі. Міне, осындай коммуникативті тапсырмалар тіл үйренушінің өз ойын жүйелеуге, еркін сөйлеуге, сондай-ақ қазақ тілін тереңдетіп оқуға көп үлес қосады.

Данат ЖАНАТАЕВ,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

Абай НҰРСҰЛТАН,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курc магистранты

Тегтер:
Авторы: anatili.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

188

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

152

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

166

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА