Владислав Тен: Қазақ тілін үйренгісі келмейтіндердің сылтауы көп

Полиглот, қазақ тілі онлайн мектебінің негізін қалаушы Владислав Тен «Не әңгіме» подкастының қонағы болды.

03 ақпан, 2022

Ол тіл мәселесіне қатысты бірқатар өзекті мәселені қозғап, мемлекеттік тілді оқытатын қаншама әдістеме әзірленіп, реформа жасалып жатса да, тілді үйреніп жатқандардың аздығының басты себебін атады.

"Мемлекеттік тілді үйренгісі келмегендер көп сылтау іздейді. Қазақ тілі басқа тілдердің грамматикасына қарағанда оңай. Қазір қоғамда қазақ тілін күрделі және қазақ тілін түсіну үшін қазақ болып туылу керек деген сөздерді жиі естимін. Бұл мемлекеттік тілді үйренгісі келмегендер мен оны үйреніп жүрген ұлттарға таптырмас сылтау", - дейді Владислав Тен.


Баға беріңіз