Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

27 тіл білетін жасөспірім америкалықтың ең сүйікті тілі - қазақ тілі

28.1.2022 344
Әлемнің 27 тілін білетін америкалық жасөспірімнің ең сүйікті тілі - қазақ тілі. Қазақстандықтарға танымал болып үлгерген полиглот Кэмерон Фарр өзінің қазақ тіліне деген қызғушылығы неден басталғанын айтып берді.

-Өзіңді таныстырып кетсең. Қазақ тіліне қызығу қалай басталды?

Отбасымыз АҚШ-тың Атланта қаласында тұрады. Менің анамның аты Джули ал әкемнің есімі Джеф. Және бауырым екі итім бар. Мен бүкіл отбасыма қазақша есімдер жасадым. Қазіргі таңда 26 тіл білемін. Соның ішінде қызғыз, ұйғыр, якут, түрік тілдерін де меңгергенмін. Алайда көбі орыс тілін білесің бе деп сұрайды. Орыс тілі менде нашар. Түрікшемде онша емес. Бірақ қазақ тіліне деген қызғушылық күн өткен сайын артып келеді.

-Қазақстанды қандай мемлекет деп санайсың?

Қазақстанда әлемдегі ең жақсы мемлекет деп санаймын. Қатты барғым келеді. Қазақтың еті, бауырсақ секілді ұлттық тағамдары ұнайды. Әсіресе, Қызылордаға саяхаттағым келеді. Маған қазақ киносы мен ұлттық киімдері де өте әсем көрінеді.

-Тілді үйренуге қанша уақыт кетті?

Қазақ тілін 2019 жылдан бастап үйренудемін. Басында сөздердің дыбысталуы мен грамматика қиынға соқты. Сөйлем құрастыру қиын еді. Бірақ уақыт өте келе жақсарып келеді. Себебі менің қазір қазақ тілді достарым көп.

-Өз есіміңнен бөлек қазақша атың Айбала Құдайбергенқызы? Бұл қазақша есіміңді қалай таңдадың?

Үйде, мектепте Кэмерон атыммен атайды. Қазақша есімімді өзім таңдадым. Құдайбергенқызы деген тегімді Димаш Құдайбергендікіне ұқсатып таңдадым. Ал қазақ тіліндегі қыз сөзі ерекше ұнайды. Ал екеуі біріктіріп айтқан кезде өзгеше есім пайда болады, -деді ол.

-Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?

Оны әлі шешпедім. Қазір Instagram желісіндегі блогымды қазақ тілінде түсіріп жүрмін. Бірнеше тілдерді үйренудемін. Қазіргі кезде қыздардың тырнағын әрлеумен айналысамын.

- Кэмерон, сұхбат бергеніңе көп рахмет!

Тегтер:
Авторы: Олжас Адай, "baq.kz"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

212

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

154

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

168

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА