Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлт ұстазы әлемдік деңгейде ұлықталады

20.1.2022 540
​Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы ­Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.

Атап өтер болсақ, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен қазақ елінде кең ауқымда тойланбақ. 2021 жылғы 9 қарашада Үкімет арнайы қаулы шығарып, осы мерейтойды ұйымдастырып өткізуге төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары басқарған жауапты комиссияның құрамын бекіткені белгілі.

Комиссияның ұйғарымымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспар әзірленді. Аталған жоспардың жобасында 63 пункттен тұратын түрлі бағыттағы іс-шаралар атқарылады. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы кескінделген пошта маркалары мен Ұлттық банк монеталары шығарылады. Атап айтқанда, олар:

– ғылыми конференция, симпозиум, форум түріндегі, онлайн және офлайн форматтағы жиындар;

– ғалымның еңбектерін әлем­нің танымал тілдерінде басып шығарып, халыққа таратуға бағытталған 8 шара;

– айтыс, мүшәйра, фестиваль, конкурс форматындағы республикалық және өңірлік деңгейдегі 12 байқау;

– Ахмет мұрасын сахналық қойылым, кино, спектакль арқылы дәріптеуге арналған шаралар;

– халықаралық деңгейдегі 7 ауқымды шара;

– ақпараттық-имидждік бағыт­тағы шаралар;

– сәулет және реставрациялық бағыттағы 7 шара.

Жоспарда жыл аяғына дейін ­Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы толықметражды көркем фильм түсіру қажеттігі де айтылған. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлық тағайындау ұсынылып отыр. ­Облыс орталықтарындағы мектептерге, орталық көшелер мен даңғылдарға мерейтой иесінің есімін беру үшін өңірлік ономастика ­комиссиялары белсенді жұмыс істеуі қажет. Халықаралық деңгейдегі іс-шараларға келсек, ТҮРКСОЙ ­аясында отандық және шетелдік ­зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Ыстамбұл қаласында дөңгелек үстел мен фотокөрме ұйымдастыру көзделген.

Ал басты шараның діңгегі – ЮНЕСКО ұйымының штаб-пәтері орналасқан Париж қаласында өткізілмек. Комиссия мүшелері осы жалпыреспубликалық ­жоспар ­аясында Сыртқы істер министрлігіне Түркияның Анкара қаласы мен Ресей Федерациясы­ның Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату мәселесін қарастыруды ұсынған.

Сонымен қатар Әзербайжан астанасында «Баку конгресі және Ахмет Байтұрсынұлы» атты конференция өткізу жоспарланған. Ақпараттық-имидждік бағыттағы шаралардың ішінде арнайы портал құру бастамасын бөліп айтуға болады. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында қай­раткер тұлғаның өмірін, қызметі мен мұрасын зерттеуге арналған «Ахмет әлемі» интерактивті порталы құрылмақ. Сәулет-реставрациялық бағыттағы жұмыстардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлының есімін алған музей-үйлерді реставрациялау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында ұлт ұстазына арнап ескерткіш орнату, Қостанай облысы Жангелді ауданының ­Ахмет Байтұрсынұлы ауылындағы Ахаң туған үйді қалпына келтіріп, музей-үй етіп ашу және Байтұрсын әулетінің қорымын қоршау, Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды күрделі жөндеуден өткізу сияқты шаралар қамтылған.


Тегтер:
Авторы: Еркін ҚАЛДАН

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

150

ақпарат

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ

197

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒА

247

ақпарат

АХАҢНЫҢ АРУАҒЫНА АРНАЛДЫ