Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Туризмді қазақша сөйлетті

30.11.2021 266
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тапсырма аясында «Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауының марапаттау рәсімін өткізді.

Туризм саласы бойынша заманауи терминдерді таңдау, терминжасам әдіс-тәсілдері мен қағидаттарын сақтай отырып терминдердің сапасын арттыруға ұмтылу басты талап ретінде алынған бұл байқауға туризм саласының мамандары, терминтанушы мамандар, жоғары оқу орнының студенттері, ізденушілер мен тіл жанашырлары қатысты.

«Терминдер сөйлейді», «Туған өлкем – қандай көркем!», «Терминтүзер» тақырыбындағы үш кезеңнен тұратын байқаудың өз мәресіне жету рәсіміне байқаудың қазылар алқасы, байқау жеңімпаздары мен қатысушылары, тіл жанашырлары, Тіл саясаты комитетінің, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Мемқалақұрылыскадастры» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жетекші маманы Ошаева Камшат Шоқанқызы жеңіп алды. ІІ орын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Astana Invest» Туристік инфрақұрылымды дамыту департаментінің менеджері Қамысбаев Базарбек Темірұлына бұйырды. Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Көбденова Гүлжиһан Байғазықызы, Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері Дүйсенов Қуатбек Қонысбайұлы, "ТС ғылыми-техникалық компаниясы" ЖШС редакторы Омарова Аягүл Даниярқызы ІІІ орынды еншіледі.

Байқау барысында ой ұшқырлығы мен ізденімпаздығын танытқан Павлодар педагогикалық университетінің маманы Асылбеков Ерболат Калымжанұлына, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2-курс магистранты Ержігітова Гүлден Кайратқызына және осы университеттің 4-курс студенті Қыстаубаева Аяжан Мұратқызына, Нархоз университетінің «Туризм» мамандығының 3-курс студенті Ордабаева Айгерім Мұратқызына ынталандыру сыйлығы табыс етілді.

Байқау қорытындысы бойынша анықталған үздік терминдер ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

74

ақпарат

«Әдебиет танытқыш» – әлемдік құндылық

142

ақпарат

Ұрпаққа алдымен жан ілімін үйрет

140

ақпарат

Ұлттық тіл кең таралсын десек...