Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тіліне үйретуге арналған оқулықтың тұсаукесері өтті

17.11.2021 284
Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы әзірлеген «Қоғамдық орындарда қызмет көрсетушілерге арналған оқу құралының» тұсаукесері онлайн форматта өткізілді.

Осы республикалық шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, әр облыстағы тіл дамыту басқармаларының басшылары, республикалық, өңірлік тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты.

Аталған оқу құралының маңызы – қоғамдық орындарда қызмет көрсетушілердің, оның ішінде сауда қызметкерлерінің халыққа қазақ тілінде қызмет көрсетуі үшін қарапайым сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Оқу құралының электронды дискісі бар, сонымен қатар тіл үйренушілерге ыңғайлы болу үшін QR кодталған сілтемесі бар плакат әзірленген.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында шағын және орта бизнес өкілдерін оқыту үшін ұйымдастырылған қысқа мерзімді курстарда «Қоғамдық орындарда қызмет көрсетушілерге арналған оқу құралы» қолданылып, курс тыңдаушыларының қызығушылығына ие болды.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

132

ақпарат

Туризмді қазақша сөйлетті

249

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жүлдегерлері анықталды

281

ақпарат

1 млн теңге кімге бұйырады?