Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Байқау жариялаймыз!

16.11.2021 361

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, осы мерейтой символикасы жобасының нұсқасына байқау жариялайды. Жобалық нұсқада Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлік және шығармашылық бейнесі ашылып, соған орай ол графикалық компоненттер арқылы қамтылуы тиіс. Сондай-ақ, ұлттық нақыштың элементтері де ескерілуі керек. Жобалық нұсқада тұлға қасиеттері мен ерекшеліктерінің мейлінше ашылуына, түстердің, қаріптердің, фирмалық стиль элементтерінің сәйкестігі мен алуандығына және орындалу шеберлігіне ерекше мән беріледі. Жобалық нұсқаның мынадай орындар мен кеңістіктерде қолданылатыны ескерілуі міндетті.

Байқауға арнаулы кәсіби сала мамандарынан, шығармашылық және білім ұжымдарынан ұсыныстар қабылданады.

Жобалық нұсқа түрлі-түсті форматта, жазбаша сипаттамасымен және автор немесе ұжым туралы мәліметтермен қоса электронды түрде ұсынылуы тиіс.

Байқауға қатысушылардың ұсыныстары 2021 жылдың 23 қарашасы сағат 18:30-ға дейін tilortalyk@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 44-19-81, 8701 710 89 80

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

132

ақпарат

Туризмді қазақша сөйлетті

250

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жүлдегерлері анықталды

282

ақпарат

1 млн теңге кімге бұйырады?