Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы өтеді

5.11.21 238
​Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өзге ұлт жастары арасындағы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық онлайн байқауы ағымдағы жылдың 12 қарашасында өтеді.

Ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі болып табылады. Оларды өркендетуде тіл байланыс құралына айналады және жаһандану барысындағы тілдердің трансформациялануына жол ашады.

Қазақ тілінің жаһандану кезіндегі рөлін күшейтудің негізгі шарттарының бірі – өзге ұлт жастары арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.

Онлайның мақсаты Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту.

Онлайн-байқауға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 21-35 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу жеңімпаздары, өзге ұлт жастары қатысады.

Байқауға үміткерлер 3 минуттық бейнебаян дайындап, қысқаша қазақ тілінде білім, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктерін баяндайды. Екінші кезеңде берілген тақырыпта ой толғайды. Үшінші кезең «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында эссе жазады.

Іс-шараға онлайн қатысқан үміткерлердің тілді меңгеру деңгейі, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі бағаланады.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және де қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 44-19-81

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

132

ақпарат

Туризмді қазақша сөйлетті

250

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жүлдегерлері анықталды

283

ақпарат

1 млн теңге кімге бұйырады?