Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Академик Серік Қирабаев дүниеден озды

26.10.2021 316
Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, қазақ әдебиетінің мәуелі бәйтерегі, сыншы, академик, филология ғылымдарының докторы, Серік Қирабаев 95 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Серік Смайылұлы Қирабаев 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Атасу ауылында туған. 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіргеннен кейін аспирантурада оқи жүріп, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, «Әдебиет және искусство» журналының бөлім меңгерушісі болып істеді.

Өмірі өнеге, жүрген жолы жас ұрпаққа үлгі Серік Смайылұлының қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан еңбегі орасан. Ол Қазақстан және Қырғызстан республикалары ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1977, 1995), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1996). Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялар және 800-ден астам әдеби-сын ғылыми мақалалары мен еңбектердің авторы.

Серік Смайылұлы Қирабаевтың Отанға, қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жоғары бағаланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен, КСРОның «Еңбек Қызыл Ту» Ордені, КСРОның «Халықтар Достығы» Орденімен марапатталды. 2007 жылдың 30 наурызында ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің ең жоғарғы «Отан ордені», 2012 жылы ІІ дәрежедегі «Барыс орденінің» иегері атанды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы Серік Смайылұлы Қирабаевтың қазасына орай отбасына, туыстарына, ұжымына қайғырып көңіл айтады.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, кейінгі буынға қамқорлық танытқан Серік Смайылұлының жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. Иманыңыз жолдас болсын, бақұл болыңыз, қара сөздің жүйрігі, қазақ әдебиетінің бәйтерегі!

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

132

ақпарат

Туризмді қазақша сөйлетті

250

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жүлдегерлері анықталды

282

ақпарат

1 млн теңге кімге бұйырады?