Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Кэти ЛИЧ: Қазақ тілін үйренудің артықшылығы бар

21.10.2021 143
Ұлыбританияның еліміз¬дегі Төтенше және өкілетті елшісі Кэти Личтің қазақ тілінде ойын еркін жеткізетіндігі бірқатар БАҚ құралдарын бей-жай қалдырмады. Дипломатиялық қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың жүзі болған Кэти ханымды бірқатар республикалық телебағдарламалар қонақ етті. Елшінің мемлекеттік тілімізге деген құрметі қараша халықты қуантса, мінбердегі кейбір орыстілді азаматтарды қынжылтқаны анық. Хош, қызығы бұл емес. Кэти Личтің төл өнеріміз бен туған тілімізге деген бағасы. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Абай Асанкелдіұлының Ұлыбританияның өкілетті елшісі Кэти Личпен болған сұқбатынан үзінді ұсынамыз.

– Ұлыбритания өз мәдениетінің алуандығымен аса танымал. Ел әр­түр­лі этностық топтар өкілдерінің бейбіт өмір сүруін қалай қолдайды? Мүмкін бұған жету оңай болған жоқ шығар?

– Өзім куә болған кезеңде түрлі этностық топтар мен діндерге көзқарас уақыт өте келе бірнеше мәрте өзгеріске ұшырады. Ақыр соңында, тұрғындар адам құқықтары барлығына тең екенін түсінді. Терісінің түсі, діні, жынысы немесе басқа сипаттамалары бойынша кемсіту өркениетті қоғамда жағымсыз және қабылданбайтын мінез-құлық белгісі. Бұл тұжырымдаманы заң да, мектептер де, бұқаралық ақпарат құралдары да, билік те қолдайды.

Өкінішке қарай, әлі де нәсілшілдік пен дискриминацияны толықтай жоя алған жоқпыз. Бірақ менің ойымша, халықтың басым бөлігі өзін өзі қалай ұстау керектігін түсінеді. Әділетті, толерантты қоғам қалыптастырудағы ниетімізді мойындайды.

– Ұлыбританияда оқып жүрген кезімде мені ағылшын акценті қы­зық­тырды. Сізде қандай акцент бар? Жалпы, кішкентай аралда түрлі акцент­тердің болуы қазақтар үшін өте қызықты. Ағылшын тілінде ак­цент­­тер­дің көп болуының себебі неде?

– Мен Англияның оңтүстігінде, Лондонға жақын жерде өстім. Сон­дықтан менде оңтүстіктік акцент бар. Айта кететін жайт, елдегі көптеген аймақтық акценттің әлі күнге дейін қалай сақталып қалғанына таңғаламын! Менің ойымша, бұл – туған қаласы мен шыққан жерімен мақтанудың нақты белгісі. Сондықтан қазіргі өмір біртектес болған кезеңде ағылшындар өздерінің акцентін сақтап қала алды.

– Сізді қазақтардың қандай өнер мен мәдениеті қызықтырады? Елші ретінде елімізде қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?

– Мен классикалық музыканы, опера мен балетті жақсы көремін. «Қыз Жібек» секілді бұрын-соңды көрмеген спек­такльдерді тамашалауды асыға кү­тіп жүрмін. Маған джаз бен өнер ұнайды, бірақ олардың екеуін де жетік біл­мей­мін. Сондай-ақ тарих және оның сәулет өнеріне қалай әсер еткені қы­зық­тырады. Нұр-Сұлтанның заманауи ғимараттары өте қызықты. Бірақ солар­дың арасында Ұлттық музей әлі күнге дейін менің сүйікті жерім. Бұл – аса керемет, әдемі әрі ерекше ғимарат, ал оның қазыналары бізге тарихтың қызықты кезеңдерін ашады.

– Елшілік қызметке кірісер алдында біраз уақыт қазақ тілін үйренген екенсіз. Тілімізді үйрену сізге қиын болған жоқ па?

– Қазақ тілі – қиын тіл! Бірақ мұндай қызықты тілді үйренудің артықшылығы да бар. Қазақ тілінде еркін сөйлеу үшін әлі ұзақ еңбек етуім керек. Бірақ жаттыға беруге бел будым. Қазақ тілін жетік мең­геру, әрине, маған Қазақстанның та­рихы мен мәдениеті туралы көбірек білуге әлдеқайда көмектеседі деген ойдамын.

– Біздің елге келетініңіз жайлы есті­генде отбасыңыздың алғаш­қы әсері қандай болды?

– Біз 18 айға жуық оқшаулану мен шектеулерден өттік. Ешқайда шықпай, Хартфордшир округіндегі үйімізде тұрдық. Сондықтан кенеттен ерекше заманауи қалаға көшу – біз үшін өте керемет жаңалық болды. Біз әлі де саяхаттай алмаймыз, бірақ мен оларға Қазақстанды толық аралатып шыққым келеді.

– Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы отыз жылдың ішін­де елдің даму деңгейіне елші ретінде қандай баға берер едіңіз?

– Мен 1991 жылы Кеңес Одағына келіп кеткенмін. Нақтырақ айтсам, 15 тәуел­сіз ел қалыптаса бас­таған кезде үшін­ші курс студенті едім. Саяси және эко­номикалық жүйе­нің құл­дырауын өз көзіммен көргендік­тен, оның қан­­дай болатынын ешқашан ұмыт­пай­мын. Сол себепті осы заманғы, өркен­­деген, көп­кон­фессиялы және көпэт­нос­ты мем­ле­кетті құрған Қазақ­стан халқының қол жет­кізген биік жетіс­тік­терін жеке өзім жоғары бағалаймын.

Тегтер:
Авторы: Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Egemen Qazaqstan»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

132

ақпарат

Туризмді қазақша сөйлетті

250

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жүлдегерлері анықталды

282

ақпарат

1 млн теңге кімге бұйырады?