Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Шеттілдік терминдерді игерудің халықаралық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

14.10.2021 123

2021 жылғы 15 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып «Шеттілдік терминдерді игерудің халықаралық тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Басталуы сағат 14:00-де.

Халықаралық конференцияның мақсаты – әліпбидің жетілдірілген жаңа нұсқасы мен емле ережелері жобасындағы өзгерістерді ескере отырып, латын графикасына көшкен түркі халықтарының, ТМД елдерінің шеттілдік терминдерді таңбалау, игеру тәжірибесімен бөлісу, келешекте игерілетін терминдерді ғылыми айналымға түсіру және терминдерді қалыпқа келтіру, жүйелеу жолдарын талқылау.Конференция барысында ғалымдардың терминологияны бiрiздендіру, жүйелеу барысы туралы тәжірибелерін зерделеп, ғылыми негізді тұжырымдары ескеріледі, латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу барысында шеттілдік терминдерді түпнұсқада жазу, игеріп жазу, бірге және бөлек жазудың тиімді үлгілері талқыланады деп күтілуде.

Кірме терминдерді игеру ісін оңтайландыру үшін Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Еуропа елдерінде қалай шешімін тауып жатқанын талдай келіп, олардың тиімділерін айқындауы конференцияның өзектілігін арттыра түседі.

Халықаралық онлайн-конференцияның жұмысына Түркиядан, Ресейден, Татарстаннан, Қарақалпақстаннан, Өзбекстаннан ғалымдар, сондай-ақ еліміздің жетекші терминтанушы ғалымдары, ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, жоғары оқу орындарының лингвист ғалымдары, орталық атқарушы органдарының, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, сала мамандары қатысады.

Семинарға Zoom платформасы және «termincom.kz» сайтының YouTube каналы арқылы қосылу мүмкіндігі қарастырылған.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

146

ақпарат

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

197

ақпарат

​Қазақ тіліндегі ІТ жобалармен 6000 педагог танысты

100

ақпарат

Қазіргі қазақ романы қай деңгейде?