Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Қазақ тіліндегі үздік ІТ жобалар таныстырылды

11.10.2021 166
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру мекемелері қызметкерлеріне қазақ тілін үйретуге және насихаттауға бағытталған ІТ жобалар таныстырылды.

Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен өтуде. Қазақ тілін онлайн оқытуға арналған тиімді жобаларды Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы таныстырды. Ол сөз басын жаңартылған латыннегізді қазақ әліпбиін үйрену мен қолдануға бағытталған Qazlatyn.kz порталын таныстырудан бастады. Порталдың көпфункционалды конвертер қызметін толық түсіндірген М.Бақытқызы:

- Qazlatyn.kz көпфункционалды конвертердің ішкі ядросы (кодтары) әлемдік веб-сервис Яндекс переводчикке орналастырылып, қазіргі таңда «казахский (латиница)» деген жазумен халықаралық деңгейдегі тілдер қатарына қосылды. Яндекс переводчик веб-сервисіне орналастыру жұмысы «Тіл-қазына» орталығы мен Яндекс компаниясы арасында жасалынған Меморандум негізінде, яғни тегін жүзеге асырылғандығын және бұл айтарлықтай жетістік екендігін айтып өтті.

Онлайн таныстырылымда қазақ тілінің 5 деңгейін (A1 – қарапайым, A2 – базалық, B1 – орта, B2 – ортадан жоғары, C1 – жоғары деңгей) оқытуға арналған Tilqural.kz веб-сервис қызметі жайында да жалпы ақпарат берілді. Яғни аталған веб-сервис қызметін App Store, Play Маркет пен Google Play-ден жүктеп алу арқылы жеңіл пайладануға болады.

Сонымен қатар өзге ұлт өкілдері мен шетелдердегі қандастардың қазақ тілін оқып, үйренуіне мүмкіндік беретін Abai.institute жобасы да тыңдармандардың қызығушылығын тудырды. Себебі бағдарламада қазақ тілін А1 деңгей бойынша үйренуге арналған 16 сабақ, 96 жаттығу, 302 сөз енгізілген. Ең бастысы аталмыш сайт арқылы ағылшын, орыс, түрік, француз, неміс, парсы тілін меңгерген азаматтар қазақ тілін ең тиімді әдіс-тәсілмен жеңіл үйренуге жағдай жасалған.

- «Sozdikqor.kz» сайты қолданбалы платформалардың бірі. Қорда 1,5 млн тілдік бірлік бар. Биыл «синонимайзер» функциясын қосып, сынақ жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар телеграмм-бот та тұтынушылар үшін өте ыңғайлы жасалған,- дейді М.Бақытқызы.

Онлайн тыңдалымда мемлекеттік тілде сауатты жазып, сөзді дұрыс айтуға, тіл мәдениетін көтеру мақсатында әзірленген «Emle.kz», ономастикалық электронды «Atau.kz», балаларға және ересектерге қазақ тілін үйретуге арналған «Balatili.kz», «Tilmedia.kz» сайттары мен мемлекеттік тілдің насихатшысы "Тіл әлемі" порталы және терминологиялық қорды біріздендіру мен жетілдіру мақсатында жасалған Termincom.kz сайты таныстырылды. Аталған сайттар педагогтер мен білім алушылардың көңілінен шығып, жоғары баға берді.

Zoom платформасы арқылы өткен онлайн шараға 300-ден астам педагог қатысты.

Айта кетейік, ІТ жобалар таныстырылымы ағымдағы жылдың 2 қарашасына дейін жалғасады. Кестеге сәйкес жобаларды таныстыру Алматы, Шымкент қаласы мен 14 облыс аумағындағы білім беру мекемелері қызметкерлеріне жүргізіледі.

Zoom платформасына қосылу сілтемесі 844 004 8081.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

78

ақпарат

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

99

ақпарат

​Қазақ тіліндегі ІТ жобалармен 6000 педагог танысты

68

ақпарат

Қазіргі қазақ романы қай деңгейде?