Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қарағанды ресурстық тіл орталығы қызметкерлері тәжірибелерімен бөлісті

8.10.2021 103
«Тілдік құзыреттілікті қалыптастырудағы ізденістер» тақырыбындағы республикалық онлайн семинар жалғасуда. Дәстүрлі жиынның кезекті кездесуі бүгін сағат Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16:00-де басталды. Басқосуда «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілін оқытудағы тың тәжірибелері таныстырылды.

Шараны Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасы басшысы Айгүл Орманова ашты. Ол өз кезегінде онлайн семинардың мақсаты - қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуды жетілдіру, әдістемелерді зерделеу, тіл оқытудың өңірлік орталықтарының тәжірибелерімен бөлісу және сол арқылы тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетуі екендігін атап өтіп, аталмыш жиын басқа өңірлер үлгі алатын, тәжірибе бөлісіп, бірлескен жаңа жобалар жасауға мұрындық болатындығына сенім білдірді.

Ресурстық тіл орталығы туралы кіріспе сөзде орталық директоры Мөлдір Смағұлова мекеме жұмыстары мен бағытын жалпы таныстырып өтті.

- Мекеме міндеті - облыста мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі таңда орталық 5 бағытта жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілдің қолданым аясын кеңейту, насихаттау, оқыту, көрнекі ақпараттар тілін түзеумен қатар, бүгінде латын графикасын енгізу бойынша тиімді әдіс-тәсілдер ұсыну басты мақсат болып отыр,- деді Мөлдір Смағұлова.

Онлайн семинарда Жұпар Жақанова қазақ тілін кәсіби салаға бағыттап оқытудың әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталды. Ал Әсия Смықова әріптестеріне лексиканы меңгертудегі жеке тәжірибесін бөлісіп, қолданылған методикамен жақсы нәтиже жетуге болатындығын көрсетті. Орталық қызметкерлері Аяш Алдабергенова мен Фариза Боранғазы латыннегізді жаңа әліпбиді оқытудың әдістемелік негіздері мен көрнекі құралдардың қызметіне баяндама жасады. Тіл мамандары үшін жаңа таңбаны оқыту маңызды болғандықтан басқосу соңы қызу талқы, еркін пікір алмасуға ұласты.

Айта кетейік, қазіргі таңда республика бойынша 99 тіл оқыту орталығы қазақ тілін оқыту бойынша қызмет көрсетіп келеді. Алдағы уақытта бірқатар өңірлік орталықтар тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Онлайн басқосу ZOOM платформасында семинар түрінде өтеді және жалпы тыңдармандар үшін Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

152

ақпарат

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

198

ақпарат

​Қазақ тіліндегі ІТ жобалармен 6000 педагог танысты

106

ақпарат

Қазіргі қазақ романы қай деңгейде?