ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді», – деді. Президент мемлекеттік тілді о...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

08 қыркүйек, 2021

8 қыркүйекте акцияның VІ кезеңіне қатысқан құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілген бұл шараға еліміздің 15 өңірінен 66 құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Белгілі қазақ ақындарының туған ел, туған жер, ана тілі тақырыбындағы жыр жауһарларынан үзінділерді мәнерлеп жатқа оқыған 17 этнос өкілдерінің көпшілігінің таңдауы биыл 90 жылдығы тойланып жатқан ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармалары болды.

Қатысушылар арасында орыс ұлтының өкілдері ерекше белсенділік танытты (28 қатысушы). Өзбек, татар, неміс, әзербайжан ұлттарының өкілдері де қалыс қалмады.

Шараға қатысушылардың басым көпшілігі Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс-Қазақстан облыстарынан.

Instagram әлеуметтік желісіне орналастырылған барлық материалдарды мұқият зерделеген қазылар алқасы келесі шешім шығарды:

Бас жүлде: Александр Борисов, Ақтөбе облысы;

І орын: Александр Авдонин, Солтүстік Қазақстан облысы;

ІІ орын: Мехти Назаров, Нұр-Сұлтан қ.;

ІІІ орын: Карина Карташова, Жамбыл облысы және Имран Мамедов, Ақмола облысы.

Ынталандыру дипломдарымен Александр Ершов (БҚО), Диана Уразалиева (Түркістан облысы), Евгений Пивень (Нұр-Сұлтан қ.), Шералы Абдурасилов (Түркістан облысы), Алексей Баландин (ШҚО) марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, акцияның алғашқы үш кезеңіне 710 адам қатысты.

Қатысушылардың материалдары Instagram желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегі бойынша қолжетімді.


Баға беріңіз