Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл оқыту орталықтары қазақ тілін үйренуге арналған әдістер мен құралдарды талқылады

16.7.2021 417
ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудегі ізденістер: заманауи әдістер мен өнімдер» тақырыбында дәстүрлі республикалық онлайн семинар жалғасын тапты.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудегі ізденістер: заманауи әдістер мен өнімдер» тақырыбында дәстүрлі республикалық онлайн семинар жалғасын тапты.

Онлайн семинарлар ұйымдастырудағы негізі мақсат – қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуды жетілдіру, әдістемелерді зерделеу, тіл оқытудың өңірлік орталықтарының тәжірибелерімен бөлісу және сол арқылы тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету.

Ағымдағы жылғы 16 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 16:00-де Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері әріптестеріне және тыңдарман қауымға қазақ тілін оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбе облыстық тілдерді оқыту орталығы өңірдегі ересек тұрғындар үшін тілдерді оқыту бойынша қосымша білім беру нарығында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Орталық өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 6 ауданында да (Хромтау, Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда, Мұғалжар) тілдік курстар ұйымдастырады.

Тілдерді оқыту орталығы 2007-2021 жылдар аралығында 19 578 адамды тілдерді оқыту курстарымен қамтыды, оның ішінде:

мемлекеттік тіл – 16 364 (84%),

ағылшын тілі – 2 048 (10%),

орыс тілі – 149 (1%),

латын графикасы курсы – 1 017 (5%).

Ал өзге ұлт өкілдерінің үлесі 23% құрайды, яғни 4 492 адам. Оқу үдерісі zoom, x-rekorder, skype, whatsapp, teleqram, электронды пошта арқылы онлайн режимінде және қашықтан оқытылады.

Әр жылдары орталық оқытушыларының құрастыруымен 52 әдістемелік және оқу құралдары, балалар әдебиеті, журналдар жарыққа шықты. Оның ішінде:

  • оқу құралы – 23,
  • әдістемелік құрал – 4
  • балаларға арналған әдебиет – 18,
  • электронды оқу құралы мен мобильді қосымша – 7.

Орталықтың жарыққа шыққан әдістемелік құралдары:

1) «Мен үш тілде сөйлеймін-1», «Мен үш тілде сөйлеймін-2» –балаларға арналған қазақша-орысша-ағылшынша тілашар осы тілдерді алғаш үйренушілер үшін сөздіктер мен суретті, қызықты тапсырмалары бар құрал ретінде құрастырылды.

2) «Bilimdi balaqaı» балаларға латын әліпбиін үйрету кітабы. Өлеңдер түрінде әзірленген кітап бүлдіршіндерге латын әліпбиінің жазылуы мен оқылуын таныстырады, әрбір әріп таңбасына қатысты өлең шумақтарын жаттау арқылы тіл ұстарту және суреттермен безендіріп, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Өлеңдер авторы Мұсағалиева Сағадат Сағидоллақызы – ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

3) «Jazylym» ересектерге арналған латын әліпбиін үйрету құралы. Жаттығулар жинағы жаңа әліпбидің қыр-сырын жазу және оқу дағдысы арқылы меңгертуге бағытталған.

4) «English Grammar» ағылшын тілінің бастапқы (А1, А2) деңгейі бойынша оқу құралы. Грамматикалық материалдарды оңай әрі тез, қызықты жаттығулар арқылы меңгеруге мүмкіндік беретін грамматикалық материалдар сурет және түрлі-түсті кестелер түрінде берілген.

5) «Оқылым» қазақ тілінің 5 деңгейі (А1-С1) бойынша мәтіндер жинағы деңгейлер бойынша оқылым дағдысын дамытуға арналған тапсырмалар арқылы тіл үйренушілердің оқу, жазу сауаттылықтарын арттыруға ықпал ету, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында құрастырылған.

6) «Қазақ тілі presentation» қазақ тілінің А1-В1 деңгейлеріне арналған электронды орта. Мемлекеттік тілді қызметкерлерге, ересектерге А1-В1 деңгейлері бойынша дайындалған электронды ортада тіл үйренушілердің күнделікті-тұрмыстық, тұрмыстық-кәсіби, әлеуметтік-мәдени салаларда еркін диалогке түсу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын қалыптастыра отырып, одан әрі жетілдіру бағытындағы аудиотапсырмалар, слайд-презентациялар жинақталған.

7) «English time» ағылшын тілінің бастапқы А1, А2 деңгейлеріне арналған электронды орта. Өз бетінше ағылшын тілін үйренушілерге арналған электронды орта «Сабақтар», «Грамматика», «Оқылым», «Тыңдалым» бөліктерінен тұрады.

Сонымен қатар тіл оқыту орталығы әлеуметтік бейнебаяндар, телебағдарламалар әзірлейді.

«Жаңа әліпби – жарқын болашақ» әлеуметтік ролигі әзірленіп, маусым-шілде айы бойы «Aqtöbe» телеарнасы арқылы берілуде.

- «Тілдарын» балаларға арналған телебағдарламасы 2019 жылғы 1 маусымда халықаралық балаларды қоғау күніне орай кішкентай бүлдіршіндерге жол тартты.

- «Жаңа әліпбиді бірге үйренейік!» ересектерге арналған телебағдарламасы. Бағдарлама «Рика ТВ» телеарнасы арқылы 12 шығарылымы эфирден берілді.

Өз бетімен латыннегізді қазақ әліпбиін үйренемін дейтін тұлғалар үшін орталық «Aqyldy älıpbi» мобильді қосымшасы әзірледі. Акутты-диграфты әліпби негізінде әзірленген мобильді қосымшаны Google Play-ден тегін жүктеп алып, пайдалану мүмкіндігі бүгінге дейін қолжетімді болды.

Орталық 2014 жылдан бастап «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналын шығара бастады.

Айта кетейік, қазіргі таңда республика бойынша 99 тіл оқыту орталығы қазақ тілін оқыту бойынша қызмет көрсетіп келеді.

Алдағы уақытта да басқа да өңірлік орталықтардың тәжірибелерімен бөлісетін боламыз.

Онлайн басқосу ZOOM платформасында семинар түрінде өтті және жалпы тыңдармандар үшін Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Семинарға 100-ге жуық тіл маманы қатысты.

Тегтер: Республикалық семинар, тіл үйрету, заманауи әдістер
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

86

ақпарат

Қазақ тілін оқыту әдістемелерін жүйелеу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

253

ақпарат

Тіл үйрету – күн тәртібінен түспейтін міндет

236

ақпарат

"Мен қазақша сөйлеймін" акциясына қатыс!