"Батпан" сөзін қалай түсінеміз?

Ақпарат ұнаса, сілтемемен бөлісуді ұмытпаңыз.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 шілде, 2021

Батпан✅

з а т. к ө н е. Салмағы 4 пен 16, кейде 12 пұтқа дейінгі ауырлықты білдіретін өлшем атауы.⠀

қолдың бұлшық еті мен иық белдеуінің күшін арттыруға арналған металл спорт снаряды.⠀

Батпандай

✳️с ы н. с ө й л. Батпан сияқты, өте ауыр, салмақты.

- Дегенде, байғыз тауысқа

Мысқылдай күліп қарады.

Маңызы бар батпандай,

Бармақтай-ақ қарамы (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

✳️Қолақпандай, үп-үлкен.

Тықыршып тұр-ау,

Күтіп тұрған болар иесін.

Батпандай саусақтарын жұмып, жұдырығымен тізесін бір салды (Р.Сейсенбаев, Аңсау).

Бет-жүзіне қарамай бажырайтып, баттитып. Қанат Айкүміске «бедеусің» деп батпандай ғып қойып қалатынды шығарды (Ғ.Сланов, Жанартау).

✳️Батпан құйрық, жол үстінде неғылып жатқан құйрық

Не қылған тегін жатқан, кездесе кеткен дүние деген мағынада айтылады.

– Қой, – “батпан құйрық, жол үстінде неғылып жатқан құйрық” – дегендей, бұл не қылған майқалаш? Артын күтейік, - десті олар (“Қаз. әдеб”.).

✳️Бетінің кірі бес батпан

Тым лас, өте былғаныш. (Бұл фраза, көбіне кішкене балаларға айтылады.

Шай қамзол, құндыз бөрік кигенменен,

Бес батпан десең болар беттің кірі (С. Торайғыров).

Толық ақпарат sozdikqor.kz сайтында.



Баға беріңіз