Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ДОСТЫҚ ҮЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУҒА АТСАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ»

10.6.2021 168
Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев осылай деп мәлімдеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Тұңғыш Президент-Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмыс бағыттарының бірі ретінде қазақ тілін дамыту туралы тапсырма берген болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін»,– деген болатын. Ассамблея тарапынан қазақ тілінің өркендеуі үшін біршама жұмыстар атқарылып жатыр, бүгінде елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлтқа ортақ тіл ретінде қарышты дамып келеді.

Әлбетте, Ассамблеяның жалпы тілдерді дамытудағы ерен еңбегін бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Соның ішінде елімізде тұрып жатқан этнос өкілдері өз ана тілдерімен қатар, қазақ тілін үйренуді қолға алды, сөйтіп мемлекеттік тілде сөйлеудің маңыздылығына мән беріле түсті.

Бұл, бір жағынан, міндет болса; екінші жағынан – құрмет.

Бірнеше тілді жетік меңгерген адамның қоғамдағы орны қашанда айрықша, табысы да, ырысы да мол.

Қырымбек Көшербаев: «Стратегиялық міндет ретінде біз барлық этно-әлеуметтік топтарды біртұтас ұлтқа біріктіру жөніндегі көпжоспарлы жұмысты жалғастырамыз. Ассамблея құрылымдары – Достық үйлері мен лингвистикалық кабинеттер арқылы мемлекеттік тілді дамыту бойынша күш-жігерді де ұлғайтудың маңызы зор. Ассамблеяның және этномәдени бірлестіктердің әлеуметтік бағдарланған, қайырымдылық қызметін дамыту, сондай-ақ әртүрлі салалардағы волонтерлік институтын дамыту жөнінде шаралар қабылдау жалғасады»,– деп атап көрсетті.

Мемлекеттік хатшы аталған міндеттерді іске асыру үшін этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлерінің жанындағы қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының жұмысына жағдай жасап, материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдауды қажеттігін атады.

«Этностарды қазақ халқының айналасындағы біріктіру мен топтастырудың орталығы ретінде Достық үйлерінің жұмысын құруға тұжырымдамалық, жаңаша көзқарас қажет», – деді.



Тегтер: Ассамблея тіл үйретеді
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

83

ақпарат

КӨСЕГЕ

147

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АРҚАСЫНДА КӨТЕРІЛДІМ»

110

ақпарат

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?