Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР

2.6.2021 297
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 2 маусымда онлайн режімде «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» тақырыбы аясында республикалық семинар өтті.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба өзінің кіріспесөзінде былай деп атап көрсетті: «Оқушының тілді тез меңгеруіне нәтижелі әдістің оң әсер етері сөзсіз. Сондықтан, тіл үйретуде, ең бастысы, тиімді тәсіл таңдай білуіміз қажет. Әмбеге аян, бұрын бекітіп берген үлгіден ауытқуға тыйым салынатын, қазіргі заман бірді-екілі әдістемемен шектеліп отыратын кез емес. Аудиториямыздың өзі сан алуан. Сандық дәуірдің жедел дамығаны соншалық, интернеттің өзі қалып, гаджетке ауысып жатыр. Бұл даму көші үрдісінен кейін қалуға болмайды. Республикалық деңгейде өтіп жатқан бұл іс-шара тәжірибе жинақтау мақсатында оқытушылар мен әдіскерлерге тілді үйрету әдістемесі бойынша авторлық әдістемелерді әзірлеу және қалыптастыру жайлы мол мәлімет беруді, үздік әдістемелік идеяларды алқаға салу мен әдістемені жетілдіру мақсатын көздейді».

Төраға айтса айтқандай, бүгінгі тіл үйрету жүйесіне жан-жақты өзгеріс керек. Содан шығар, жаңашыл педагогтардың соңғы нәтижеге бағытталған жеке авторлық әдістемелері және үздік әдіс-тәсілдерін таныстырулары үлкен қызығушылықпен қабылданды.

Іс-шара барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев, «Білім беру технопаркі» ғылыми енгізу орталығының директоры, «Биоақпарат және синергетика» педагогикалық технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Федор Яковлевич Вассерман, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Гүлмира Амандықова Әбілмәжінқызы және лингвист Николай Замяткиннің шәкірті, матрицалық әдістің продюсері Ярослава ВадимовнаНауменко авторлық әдістемелері және оқытудың нәтиже беретін тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Жаңашыл педагог Жауынбай Амантұрлыұлы «Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы педагогикалық технологиялардың маңызы» баяндамасының аясында білім беру жүйесінің жаңаруына алып келетін оқытудың үшөлшемді әдістемелік технологиясының ерекшелігі, дидактикалық ұстанымдардымодернизациялау мен іс-әрекеттік құзыреттілік тәсілі негізінде білім мазмұнын таңдап оқыту, сапалы және нәтижелі оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндіктер беретін дидактикалық матрица жайлы және тағы басқа әдістемелік идеяларымен бөлісті.

Профессор Федор Яковлевич «Биоақпарат және синергетика» педагогикалық технологиясын қалыптастыру және тәжірибеге енгізу жолдары, технологияның басты ерекшеліктері, яғни оқыту сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесі мен нормативтік көрсеткіштер жайлы пікірлерін ортаға салды.

Гүлмира Әбілмәжінқызы қазақ тілін шет тілі ретінде оқытутәжірибесінде қалыптасқан көп жылдық сынақтан өткен авторлық әдістемесімен таныстырды.Г.Ә.Амандықованың әдістемесі тілдік кедергіні еркін жеңуге мүмкіндік беретін, әрбір тіл үйренушінің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын оятуға бағытталады. Тіл үйренушінің тілді үйренудегі қабілеті мен ерекшелігін анықтау арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын «түсіну-қабылдау-ана тілімен салыстыру» механизміне негіздеп оқыту нәтиже беретіндігін түсіндірді.

Семинар аясында лингвист Николай Федорович Замяткиннің матрицалық әдісін, оның шәкірті,Замяткинмен бірге қазақ тілінің матрицасын әзірлеген Ярослава Вадимовнатүсіндіріп берді. Спикер матрицаның қызықты та мазмұнды мәтіндерден, әртүрлі тілдік жағдаяттарды қамтитын сұқбаттар мен монологтардан тұратын артықшылықтарына тоқталды. Ол матрицаға құрылғанаудиокурстардыжүйелі түрде тыңдау арқылыжекелеген дыбыстар мен дыбыстар легін, сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қабылдап, түсініп,сөйлеуге машықтанатынын өзіндік тіл үйрену тәжірибесіне сүйеніп, баяндап берді.

Семинар барысында спикерлер авторлық әдістемелерді қалыптастыру жолдары, әдістеме мен технологияның айырмашылығы, тиімділігі, тәжірибеге енгізу механизмдері жайлы әдіскер мамандарға пайдалы ақпараттар берді.

Шараға республикалық Тілдерді дамыту басқармасының мамандары, облыстық, қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары мен әдіскерлері қатысты.

Бұдан басқа тілек білдіргендер болса, орталықтың фейсбук, инстаграм желісіндегі парақшаларындағы тікелей эфир көрсетілімі арқылы тамашалауға мүміндік алды. Олардың қатары да аз болған жоқ. Ана тіліміздің тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын белсенді оқырмандардың біразы шара барысында өз жүрекжарды пікірлерін қалдырып, «ұнайды» белгісін басумен болды.

Қатысушылар пікіріне құлақ түрсек, тағылымды бас қосу болғанын бір ауыздан айтып жатты. Семинардың мұндай қызықты да нәтижелі өтуіне белсенді атсалысқан баяндамашыларға алғысхаттар табысталып, қатысушылар арнайы сертификатқа ие болды.

Баяндамалар жинақ түрінде жарық көреді.

Тегтер: тағылымы мол семинар
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

123

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АРҚАСЫНДА КӨТЕРІЛДІМ»

109

ақпарат

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

307

ақпарат

«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ