Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының ЕРЕЖЕСІ

Акцияның мақсаты 1.Қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу; - ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 мамыр, 2021

Акцияға қатысу тәртібі

Акцияға еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының мемлекеттік тілді жетік меңгерген барлық жастағы этнос өкілдері қатыса алады:

  • 5-8 сынып оқушылары (ескертпе: 1-ші кезең а.ж. 11-ші маусымында аяқталды);
  • 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері;
  • жоғарғы оқу орындарының (одан әрі – ЖОО) студенттері мен ересек тұрғындар;
  • құқық қорғау органдарының, ішкі істер органдарының өкілдері.

Акция 4 кезеңнен тұрады

Бірінші кезеңде 5-8 сынып оқушылары, екінші кезеңде 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері, үшінші кезеңде ЖОО студенттері, ересек азаматтар және төртінші кезеңде құқық қорғау және ішкі істер органдары қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қазақ ақындарының «Отан», «Туған жер», «Ана тілі» тақырыптарына жазылған өлеңдерінен үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2,5 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде (Instagram) #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс.

Акция жеңімпаздары көрсетілген әлеуметтік желідегі «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.

Жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның:

  • аты-жөні;
  • ұлты;
  • оқу немесе жұмыс орны;
  • байланыс нөмірі (ұялы телефон);
  • жетекшісінің аты-жөні;
  • ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
  • қатысушы өлең жолдарын мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Қатысушының акция аясындағы материалы көркемсөз оқу талаптарына сай келмеген жағдайда, қазылар алқасының шешімімен «лүпіл» саны ескерілмейді;
  • қатысушы өлең жолдарын жаттауда қазақ тілінің орфоэпиялық және сингармонизм заңдылықтарына терең мән беруі керек (қатысушының жетекшісі осы процесті қадағалауы тиіс);
  • өңір бойынша барлық қатысушылар туралы ақпаратты жауапты маман (өңірлік тілдерді дамыту, білім басқармалары және тіл оқыту орталықтары) қадағалап отыруы керек (қатысушының өлеңді жаттауы, конкурстық бейнежазбаның әлеуметтік желіде насихатталуы, таралуы, «лүпіл» жинауы);
  • қатысушы өлеңді жатқа оқу уақытын қатаң сақтауы тиіс (2,5 минуттан аспауы керек). Сондай-ақ қазылар алқасы ұзақтығы 1 минутқа дейінгі бейнежазбаларды қарамауға құқылы.

Кезең атауы

Қатысушылар контингенті

Акцияның басталуы

Акцияның аяқталуы

Қорытындалау күні

1-кезең

5-8 сынып оқушылары

3 мамыр

10 маусым

11 маусым

2-кезең

9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері

3 маусым

1 шілде

2 шілде

3-кезең

ЖОО студенттері мен ересек тұрғындар

5 шілде

5 тамыз

6 тамыз

4-кезең

құқық қорғау және ішкі істер органдарының қызметкерлері

6 тамыз

6 қыркүйек

8 қыркүйек

Қатысушыға қойылатын ерекше талаптар

Акция жеңімпаздарын анықтау және марапаттау

1. Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

2. Акция жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

3. Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Байланыс мәліметтері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Тіл-Қазына» ҰҒПО.

Шараның өткізілуіне жауапты тұлға: Әлім Сергібаев, 8(7172)27-30-43, 8(707)5333873.


ПРАВИЛА

проведения республиканской акции «Мен қазақша сөйлеймін»

Цель акции

Цель проведения республиканской акции «Мен қазақша сөйлеймін» (далее – Акция): расширение сферы применения государственного языка, укрепление функционирования казахского языка как языка межэтнического общения, стимулирование общественно активных граждан других национальностей, владеющих государственным языком.

Порядок участия в акции

В акции могут принять участие представители этносов всех возрастов, владеющие государственным языком, из 14 областей и городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент:

1) учащиеся 5-8 классов (примечание: 1-й этап завершен 11 июня т.г);

2) учащиеся 9-11 классов и колледжей;

3) студенты высших учебных заведений (далее – вузы) и взрослое население;

4) представители правоохранительных органов, органов внутренних дел.

Акция состоит из 4 этапов

На первом этапе учащиеся 5-8 классов, на втором этапе учащиеся 9-11 классов и студенты колледжей, на третьем этапе студенты вузов, взрослое население и на четвертом этапе сотрудники правоохранительных и внутренних органов в рамках празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан должны выразительно прочитать наизусть (продолжительностью не более 2,5 минут) отрывок из стихотворения одного из казахских поэтов на темы «Родина», «Родная земля», «Родной язык», широко распространять в социальной сети (Instagram)хештегом #менқазақшасөйлеймін2021.

Победители акции определяются по количеству «лайков» под конкурсной публикацией, размещенной в указанной социальной сети.

Под публикацией в обязательном порядке указываются следующие сведения:

- ФИО;

- национальность;

- место учебы или работы;

- контактный номер (мобильный телефон);

- ф.и.о. руководителя;

- наименование города или области, который представляет участник.

Наименование этапа

Контингент участников

Начало акции

Окончание акции

Дата подведения итогов

этап 1

учащиеся 5-8 классов

3 мая

10 июня

11 июня

этап 2

учащиеся 9-11 классов и колледжей

3 июня

1 июля

2 июля

этап 3

студенты высших учебных заведений (далее – вузы) и взрослое население

5 июля

5 августа

6 августа

этап 4

представители правоохранительных органов, органов внутренних дел

6 августа

6 сентября

8 сентября

Особые требования к участнику

- участник должен прочитать стихотворение наизусть и выразительно. В случае несоответствия материала участника требованиям акции по художественному чтению, членами жюри количество «лайков» не учитывается;

- при прочтении стихотворений участник должен уделять особое внимание законам орфоэпии и сингармонизма казахского языка (руководитель участника должен следить за этим процессом);

- информацию обо всех участниках (заучивание стихотворения участником, продвижение конкурсного видеоматериала, распространение в социальной сети, сбор «лайков») по региону должен отслеживать ответственный специалист (региональные управления по развитию языков, образования и центры обучения языкам);

- участник должен строго соблюдать время прочтения стихотворения наизусть (не более 2,5 минут). При этом жюри вправе не рассматривать видеоматериалы продолжительностью до 1 минуты.

Определение и награждение победителей акции

1. Для определения победителей акции создается жюри в составе не менее пяти человек. Решение жюри оформляется в виде протокола.

2. Победители акции награждаются специальными дипломами и утвержденным призовым фондом.

3. Информация о победителях акции публикуется в средствах массовой информации и размещается на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан в течение 10 рабочих дней после завершения мероприятия.

Контактные данные: 010000, г. Нур-Султан, ул. Сыганак, д. 25, БЦ «Ансар», 2 этаж, ННПЦ «Тіл-Қазына».

Лицо, ответственное за проведение мероприятия: Алим Сергибаев, 8(7172)27-30-43, 8(707)5333873.


Баға беріңіз