САНАНЫ ӨЗГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қоғам санасы мен дүниетанымына маңызды бетбұрыс әкелген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаһандық жаңашылдыққа әкелетін жол екенін әйгіледі. Заманға сай жаңғыру міндетін алға қойған Тұңғыш Президент –...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

12 сәуір, 2021

2017 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліп­­­биін кириллицадан латын гра­фи­касына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министр өкімімен қазақ тілі әліп­биін латын графика­сына кө­ші­ру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңмен көшуінің 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары әзірленіп, орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі төрт жұмыс тобы құ­рыл­ды. Латын графикасына не­гізделген қазақ әліпбиінің ор­фогра­фиялық ережесі Тұжы­рым­дамасы негізінде А.Байтұр­сы­нұлы атындағы Тіл білімі инс­ти­тутының ғалымдары «Қа­зақ тілінің орфографиясының жаңа ережелері» жобасын әзір­ле­ді. Бүкілхалықтық талқы­лау­лар­дан соң, Қазақстан үкіметі 28 қаң­тарда қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізіп, латын алфавитінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Үкіметтің мәліметінше, жаңа әліпби 40-тан аса нұсқаның ішінен таңдалған, аталған нұс­қа­да 31 әріп бар. Жаңа әліпбиге көшуді 2023 жылдан 2031 жылға дейін жүргізуді жоспарлап отыр.

Латын графикасына өту ар­­қы­лы шетелдердегі кирилл қар­­пін түсінбейтін қазақ диас­пораларының қазақ тілін қолда­нуы­на елеулі ықпал етуге бола­ды, сонымен қатар туысқан түр­кі халықтары да жазу жа­қын­ды­ғы­нан түсініссе, түркі әлемінің үн­де­суіне қол жеткізер еді деген пайымды пікірді «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-прак­ти­калық орталығының ға­лым хатшысы, филология ғы­лым­дарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Аитова да айтады. Ға­лым­ның айтуынша, графика реформасы – жалаң таңбалар тізбегі емес, тіл мен ұлт, тіл мен сана, тіл мен әлеумет, тіл мен психика, тіл мен әдіснама, тіл мен білім, тіл мен ұрпақ сабақтастығы, тіл мен техника, тіл мен тарихи сана байланысы мен арақатынасындағы көпшілікке көріне бермейтін нәзік шиеленістердің түйінін ес­керіп барып шешетін күрделі құ­былыс.

«Осы уақыттан бастап латын графикасына кезең-кезеңімен көшу ісіне кіріскен бірқатар құрылым не екті, не орды? Әр нәрсені межелі уақытта екшеп, есебін алып, елді құлағдар етудің қажеттілігі халық алдындағы парыз салмағына қиянат қылмау ниетімен өлшенсе керек. Латын графикасына көшу – рухани, тіл­дік реформа ғана емес, саяси реформа. Ол – лингвистика тілімен айтсақ, грамматикалық отар­лаудан құтылып, азаттық алу­дың жанкешті қадамы. Ал сая­си аспектіден қарасақ, эко­но­микалық тәуекелдерімен қоса алғанда, ұлттық сананың жаңғыру тетігі болуға әбден лайық әмбебап жарақты стра­тегиялық бағдар. Ғылыми-тех­никалық тұрғыдан қа­расақ, әлем­дік ақпараттар тол­қынын шо­ғырландыруға бе­йім, білім тұтастырушылық және сұ­рыптаушылық қабілетке ие құ­рылымдық жүйе әрі рухани база. Бұл – оның ең ірі мүм­кін­дік­тері», дейді Нұрлыхан Аитова.

Әлемдік қоғамдастықтың тең­­құқылы мүшесі Қазақстан ке­­л­ешек дамуын латын графика­сы негізіндегі ұлттық әліп­би­ге көшуді маңызды деп табуы кенеттен пайда болған шешім емес. Бұл – мемлекеттің мақсатты түрде ойға алған Қазақстан халқының ортақ таңдауы. «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасының төрт жылдығы аясында Елбасы бас­та­масымен бекітілген тарихи ше­шім 2025 жылға дейін латын әліпбиіне толық көшуіміз керек екендігін, қоғамдық өмірдің бар­лық саласына кезең-кезеңімен ен­гізу қажеттігіне үндеп отыр.

Ая ӨМІРТАЙ

Мақаланың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://egemen.kz/article/271241-sanany-ozgertudinh-tiimdi-tetigi



Баға беріңіз