Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«I HAVE A DREAM» – ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭССЕ БАЙҚАУ

7.4.2021 304
Таңдаулыларға! Қазақстан жасөспірімдері нені армандайды? Болашақта кім болғысы келеді? Қандай шыңдарды бағындырады? Қандай кітаптар жазады? Олар жер шарын саяхаттайтын шығар, әлде жаңа көлік түрін ойлап таба ма? Бәлкім әлемдік мәселелердің шешімін табатын шығар, әлде барлық ауруды емдейтін дәрі жасар ма екен?

Ал Қазақстан болашақта қандай болады? Еліміз қалай өзгереді? Ғалымдарымыз қандай жаңалық ашады? Стартаптарымыз бүкіл әлемге танымал бола ала ма? Мүмкін футболшыларымыз әлем чемпионатында жеңіске жететін шығар?

2021 жылдың 16 наурызынан 25 сәуіріне дейін қазақстандық жасөспірімдер республикалық «I have a dream» эсселер байқауына қатыса алады.

Жобаны Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы, АҚШ-тың Бас консулдығы, American Space Almaty, «Тартпа» шығармашылық бірлестігі мен Vласть интернет-журналы өткізеді.

«Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан небір қиын-қыстау кезеңді басынан өткерді. Қазір өзгерістер өте жылдам орнайтын заман. 1990 жылдары дүниеде келген ұрпаққа қарағанда, қазіргі жасөспірімдер тәуелсіз Қазақстанда өскен. Ал сол ұрпақтың арманын қазір білсек, еліміздің болашағын да елестете аламыз», – дейді байқау ұйымдастырушылары.

«I have a dream» жобасы Қазақстанның болашағын құрайтын қазақстандықтардың жаңа буынына үн беріп, оларды жақсырақ тану үшін жасалды. Біз оларға өзінің өмірі мен кәсіби жолын болашақта қалай елестететіні туралы, елін, қаласын, қоғамды қалай көретіні туралы айтып беруді ұсынамыз».

Эссе байқауына 18 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Олар қазақ немесе орыс тілінде шағын әңгіме жазуы керек. Ең қызық деген жұмыстар кітапқа басылады, сайтқа жарияланады, ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі: кітап, журнал және курстарға қатысу сияқты арманға жақындау мүмкіндігі.

Жұмыстарды арнайы комиссия таңдайды. Оның құрамына Қазақстанның баспагерлері, өнер мен мәдениет қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, әлеуметтанушылар және журналистер кіреді.

Қатысу үшін толық ақпаратты байқаудың арнайы порталынан біле аласыз: https://dreams.vlast.kz/

Тегтер: конкурс шарты
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

257

ақпарат

«ҚОЛАҢ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ

198

ақпарат

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТОЛЫҚ ЖАЗЫЛУЫ

309

ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ ТАРЛАНБОЗЫ