Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Байқауға қатыс, бағыңды сына!

19.2.2021 306
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы идеяларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін іске асыру.

Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуге жағдай жасау, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту.

Байқау:

1. Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу;

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2021 жылдың 15 наурызы сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

Байқауды ұйымдастырушыға келесі көрсетілген ақпарат берілуі тиіс:

-Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;

-Жобаның бағалық ұсынысы;

-Бейнероликтердің пилоттық нұсқасы;

-Толық толтырылған өтінім.

Байқауға қатысуға қажетті құжаттарды tilalemi.kz@gmail.com адресіне жолдауға, пошта қызметі арқылы немесе тікелей көрсетілген мекенжайға әкелуге болады.

Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы Сығанақ көшесі №25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Сараптамалық кеңестің отырысы 2021 жылдың 16 наурызында өтеді.

Байқау қорытындысы https://tilqazyna.kz/, https://tilalemi.kz/ сайттарында жарияланады.

Ескерту!

Құжаттары толық жинақталмаған, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.

Сұрақтар бойынша 8 (7172) 27-71-33 (Ақпараттық технологиялар басқармасы) нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.

Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеудің техникалық сипаттамасы (word нұсқада):

https://drive.google.com/file/d/1MmpYnVlwPDipx-t21...

https://drive.google.com/file/d/1tdtX4AxCA0mTjo-In...

https://drive.google.com/file/d/1wMEFMmO-Voj8bRnz5...

Өтінім үлгісі:

https://drive.google.com/file/d/1zITMN00GR3wWyW_BB...

Тегтер: Байқау, Латын әліпбиі, Бейнеблок, Бейнеролик, Тіл-Қазына
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

180

ақпарат

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

240

ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: ҮЙРЕНУШІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ»

168

ақпарат

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ»