«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп қазақ тілін тегін үйренуге арналған «...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 қаңтар, 2021

Аталған жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 20 қаңтарында халыққа қызмет көрсету орындарында Қазақ тілі QR коды бар 30 плакат орналастырылды.

Жоба арқылы қазақ тілін үйренуге ниет білдірген облыс тұрғындары жаңа форматта мемлекеттік тілді тегін оқып, меңгеруге мүмкіндік алады. «Қазақ тілі QR код» жобасының оқу үдерісінде семинар-тренингтер, оқыту курстары, конкурстар, ынталандыру шаралары қарастырылған.

Жыл соңына дейін облыс тұрғындары көп жиналатын орындарда QR коды бар плакат орнату жұмыстары жалғасатын болады.

Жоба демеушілер есебінен жүзеге асырылуда.


Баға беріңіз