Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

6.1.2021 1059
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Әліпби» энциклопедиялық анықтамалығын дайындап шығарды.

Бірден айту керек, әлемдік тәжірибеде әліпби арқылы балаларға арналған танымдық сөздіктер жарық көргенімен, бұрын-соңды баспа бетін көрген энциклопедиялық еңбектерде дүние жүзінде қолданыста жүрген әліпбилер туралы ішінара ақпарат берілгені болмаса, осы тақырыпқа қалам тербеген мұндай жеке-дара көлемді еңбек алғаш рет жарияланып отыр.

Энциклопедиялық анықтамалықта әліпби, емле және дүниежүзіндегі жазу түрлері мен тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты терминдер қамтылған. Жазудың тарихы, даму үрдісі және қазіргі күйі туралы мол мәліметтер топтастырылған. Сонымен бірге тіл білімі ғылымының осы салалары бойынша еңбек жазған ғалымдар туралы да деректер берілген.

Анықтамалыққа барлығы әліпбиге, жазу тарихы мен мәселесіне қатысты 1000-нан аса мақала енгізілген. Соның ішінде 250-ден астамы дүниежүзіндегі түрлі елдердің жазу жүйесіне арналған.

Орталықтың Терминология және ономастика басқармасының ғылыми қызметкері Әйгерім Қожахметтің пікіріне жүгінсек, «Әліпби» энциклопедиялық анықтамалығы – басылым ретінде қазақ тіліндегі, сондай-ақ жалпы түркі тілдеріндегі әлем тілдерінің жазу жүйесін толық қамтыған ең алғашқы еңбек.

Бұл кітаппен «Тіл әлемі» сайты арқылы мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://tilalemi.kz/tartu/one/812



Тегтер: тұңғыш әліпби энциклопедиясы
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

249

ақпарат

Жеңімпаздар анықталды

117

ақпарат

«Мемлекеттiк тiл - тауелсiздiк символы» республикалық байқауы

362

ақпарат

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ